Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда күйеуі кішкентай балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген

Түркістан қаласында өз әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірген қылмыскерге қатысты ОҚО мамандандырылған ауданаралық сотында үкім оқылды. Әйелін бауыздаған ер адамға сот 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Түркістанда күйеуі кішкентай балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Жаңа жылдың алғашқы тәулігінде Түркістаннан жеткен бұл қанды хабар елдің жағасын ұстатқан еді. 3 баласының көз алдында бұрынғы күйеуі 31 жастағы әйелді бауыздап тастаған. Ашуын қолын қанға малып алып басқан бұрынғы күйеу оқиға орнынан қашып кетіп, бой тасалаған.

«Кәмелет жасына толмаған куәгер Ж. әкесінің мешіт маңында анасын соққыға жыға бастағанын айтқан. Көмек сұрап мешітке кеткенінде анасының дауысы шықпай қалғанын, келсе жерде қан болып жатқанын айтқан. Кәмелетке толмаған куәгер А. әкесі анасын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткенін жеткізген», – дейді ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

Марқұм болған әйелдің туыстары сотталушыны өмір бойына жазалауды сұраған болатын. Сондай-ақ моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге өтеп беруін талап еткен. Сот жәбірленушілердің бұл талабын ішінара қанағаттандырды. Яғни, жауапкерден жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс. Сот тергеу барысында қылмыскердің шын жүректен өкінетіндігі, кінәсін мойындайтындығын ескерген. Дегенмен жасалған қылмыстың аса ауырлығына байланысты сот үкімі жеңіл болған жоқ.

«Сотталушы Мақұлбековты ҚР ҚК — нің 99 бабының 2-ші бөлігі, 5-ші тармағымен кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырылсын», – дейді ОҚО мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде полицейлерден қашқан ер адам 5-інші қабаттан құлап кетті (видео)

Өскеменде автобус аялдамасынан зейнеткердің денесі табылды

Өскеменде анасы ұлын құтқару үшін Ертіс өзеніне секірді

Әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды

Талқылау