Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында белгісіз біреу екі жыл қатарынан қарт әйелді тірідей өртеп жібермекші болды

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ кентінде белгісіз біреу екі жыл қатарынан егде жастағы әйелді өртірмекші болды.

Түркістан облысында белгісіз біреу екі жыл қатарынан қарт әйелді тірідей өртеп жібермекші болды

Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Бұл ер адам үйге түнде кірген. Оның қолында пышағы болды. Ол пышағын маған тақап, көзіңді ашушы болма деп бұйырды. Егер көзімді ашсам, ол мені өлтіремін деп қорқытты. Содан кейін маған бензин шашып, сіріңкесін жағып жіберді. Мен одан от қоймауын жалынып сұрадым. Себебі бөлмеде кішкентай бала болатын. Бірақ, ол мұнда кішкентай бала болғандықтан ғана, бәрін өртемейтінін айтты. Сондай-ақ, ол былтыр біздің үйдегі басқа бөлмеге от қойғанын есіме салып, кетіп қалды»,- дейді жәбірленуші.

Қылмыскер үйден кетіп қалғаннан кейін қарт ана айқай сап, көмек сұраған. Әжесінің жан ұшыра айқайлаған дауысын немересі естіп, жүгіріп келген. Ол үсті-басы жанып жатқан әжесін құтқарып қалып, алғашқы көмек көрсетті.

Түркістан облысында белгісіз біреу екі жыл қатарынан қарт әйелді тірідей өртеп жібермекші болды

«Түнде мен әжемнің айқайлаған даусынан оянып кеттім. Жүгіріп келіп қарасам, әжемнің киімі мен шашы өртеніп жатыр. Мен көйлегімді тез шеше сала, оның басындағы отты сөндірдім. Содан кейін көрші үйде ұйықтап жатқан ата-анамды көмекке шақырдым», – деді қыз.

Денесі күйіп қалған зейнеткерді туыстары бірден ауруханаға жеткізген, онда оған медициналық көмек көрсетілді. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, оған өткен жылы да осындай шабуыл жасалған. Ол кезде де белгісіз біреу оны тірідей өртеп жібермекші болған. Бірақ сол күні қылмыскер арам ниетін іске асыра алмады.

Зейнеткерді екі жыл қатарынан өлтірмекші болған ер адамның кім екені әзірше анықталмады. Ал, бұл іс полицияның арнайы бақылауына алынды. Қазір осы оқиғаға қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау