Тұрмысқа шықса да ешқашан төсек қатынасына түсіп көрмеген әйел босанды

Үндістанның Ахмеднагар қаласының тұрғыны сирек кездесетін дертінің салдарынан ешқашан жыныстық қатынасқа түспеген. Алайда ол дені сау қыз баланы өмірге әкелді.

Бойындағы дерті үшін ешқашан төсек қатынасына түсіп көрмеген әйел сәбиін босанды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Ревати Бордавекар өзіінң денсаулығындағы қиындығы туралы 22 жасында білгенін айтады. Ол сол кезде алғаш рет тампон қолданып көріп, оны қынабы тарылып, қолы дірілдегендіктен пайдалана алмапты. Алайда ол бұл туралы ешкімге тіс жармаған. Тіпті, дәрігерге де қаралмаған екен.

Бойындағы дерті үшін ешқашан төсек қатынасына түсіп көрмеген әйел сәбиін босанды

Арада біраз уақыт өткеннен кейін Бордавекар бойындағы белгілерді интернеттен тауып, өзінің «вагинизм» дертіне шалдыққанын түсінеді. Организмдегі мұндай ақау кезінде әйелдің қасаға-құйымшақ бұлшық еттері тарылып, қынапқа ештеңені кіргізбейді.

Бойындағы дерті үшін ешқашан төсек қатынасына түсіп көрмеген әйел сәбиін босанды

Бордавекар 2013 жылы интернет арқылы болашақ күйеуімен танысады. Олар бір жылдан кейін шаңырақ көтерген. Әйел осыдан кейін ғана күйеуіне бар шындықты айтып, жыныстық қатынасқа түсе алмайтынын мойындапты.

Ерлі-зайыпты мәселенің шешімін табу үшін түрлі әдістерді байқап көрген. Алайда бәрі нәтижесін болыпты. Нәтижесінде ерлі-зайыпты экстракорпоральді ұрықтандыру әдісі арқылы сәбилі болуды ұйғарады.

Бойындағы дерті үшін ешқашан төсек қатынасына түсіп көрмеген әйел сәбиін босанды

Бордавекар дертіне қарамастан кесір тілігін жасатпай, өздігінен босануға бел буған. Ақпан айында ол қыз баланы дүниеге әкелді. Әйел босану кезінде дертінің жеңілдегенін байқаған. Ендігі ол төсек қатынасына түсе аламын деп үміттенеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Загрузка...
Қазір оқып жатыр