Тыңдарманы концертте Қайрат Нұртастың пенжегін алып қайтармай қойған (видео)

Бейсенбі, 26 Мамыр , 2016 12:38

Күні кеше “Түркістан” залында өткен концертте әнші Қайрат Нұртас үстіндегі пенжегін шешіп, залға лақтырған. Оны 25 жастағы бойжеткен қағып түсіп, артынша қайтармаған. Десе де, қайтармай-ақ қоюға Қайраттың өзі рұқсат берген екен.

24a1be

Фото: kerekinfo.kz

Бұл туралы “otyrar.kz” хабарлайды.

Танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкентте өткен концертінде үстіндегі пенжегін шешіп, оны залда отырған көрермендерге лақтырған. Қызыл пенжек көп қыздың ішінен 25 жастағы Шымкент тұрғынына бұйырды. Күзетші бойжеткеннен пенжекті қайтаруын талап еткен кезде, Қайрат Нұртас оны әкелмей-ақ  қоюды өтінген. Концерт барысында әнші бірнеше хит әнін орындаған.

“Қайраттың концертіне келуді көптен бері армандап жүрдім. Оны тыңдап қана қоймай, бірге суретке түскім келетін. Жаңа залда отырған көрермендерге пенжегін лақтырған кезде, мен түсінбей тұрып қалдым. Артынша оның өзіме қарай ұшып келе жатқанын байқадым. Абыржымастан оны қағып түстім. Пенжекті енді үйімде сақтайтын боламын. Бұл мен үшін үлкен қуаныш болды. Мен Қайраттың шығармашылығының алдында басымды ие”, – дейді Айнұр Талапова.

“Түркістан” залында өтетін концерттің билеттері небәрі екі аптаның ішінде бітіп қалған екен. Концерт басталардан бір сағат бұрын “Түркістан” залының алдында бірнеше адам тұрып тұратын орындарды 2000 теңгеге сатқан. Осылайша әншінің кей тыңдарманы концертті тікесінен тік тұрып тамашалаған.


Оқи отырыңыз:

МС Сайлаубек басты рөлді өзі мен Қайрат Нұртастың егізі сомдайтын фильм түсіріп жатыр (видео)

Кілем фабрикасының жұмысшылары Қайрат Нұртасқа арнап ән салды (видео)

Директоры Қайрат Нұртастың әйелі киноға түседі деген ақпаратты жоққа шығарды

Қайрат Нұртас “Байқа” атты бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар