Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдарманы Қайрат Нұртасқа тосын сый жасады

Қайратын бірінші болып құттықтай алмаса да еш ренжімеген анасы баласының тағы бір қуанышымен бөлісті. Бұл жолы оған тыңдарманы тарту еткен ерекше сыйды көрсетті.

090

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қызылордалық Мақсат есімді тыңдарман құммен Қайрат Нұртастың суретін салып, оны әншінің анасына жолдаған екен. Мұны көрген анасы қуанышын жасыра алмай, көпшілікпен бөлісті.

Бұл туралы инстаграмдағы парақшасында “Қызылорда қаласынан Мақсат есімді жігіттің Қайратқа сәлемдемесі. Өнерлі еңбегінің жемісін көре берсін! Алла басыңа бақ, деніңе саулық берсін!” деп алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Қайраттың өзі де тыңдарманының ерекше сыйына рахмет айтты.

1

Бүгін халықтың сүйіктісіне айналған әнші 27 жасқа толды.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін анасының Қайрат Нұртасты құттықтай алмай жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау