Тыңдармандары Артур Төлеповты сүйіктісінен қызғанып жатыр (видео)

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 12:37

Әнші әрі актер Артур Төлеповты тыңдармандары актриса Дина Тасбұлатовадан қызғанып жатыр. Әзірге бейнебаяндағы қос ғашықтың шынайы өмірдегі қарым-қатынасы қандай екені белгісіз.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Елімізге танымал актер, жүргізуші әрі әнші Артур Төлепов кезекті бейнебаянын Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласында түсірген-ді. “Бір сен деп” атты туындысында басты рөлді жас актриса Дина Тасбұлатова сомдады.

Бейнебаянда қос ғашықтың рөлін сомдаған Артур мен Дина жақын күндердің бірінде Zadig & Voltaire француз маркасының жарнамалық ролигіне түскен. Бірнеше минуттық роликтің үзіндісінен желі қолданушылары Артур Төлепов пен Дина Тасбұлатованың арасында сезім ұшқыны барын байқаған. Тіпті, олар актерді қызғанып түрлі пікір білдіріп жатыр.

Бірі “Екеуің жарасымды жұпсыңдар. Бақытты болыңдар” десе, енді бірі “Қызғанып жатырмын. Ол қызды құшақтамашы”, “Артур, сен осы күнге дейін қаншама қызды жылатқаныңды білесің бе?” сынды пікірлер айтқан.

Әнші мен актриса арасында достықтан өзге қандай байланыс бар екені белгісіз. Десе де, бейнебаян түсірілімі кезінде екеуі бір-бірімен сөз жарастырып, қалжыңдасып жүрген. Мұны видеодан да байқауға болады.

Әнші бұдан өзге модель болып түрлі жарнамалық роликке түсіп жүрсе де, аяғының подиумда жүретіндей емес, талтақ екенін айтқан. Тіпті, өзін әжуалайтын видео түсірген.


Оқи отырыңыз:

Артур Төлепов кезекті бейнебаянын Америкада түсірді (фото)

Артур Төлепов: Интернетте бір-бірімізді жерден алып, жерге салуды қашан қоямыз?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар