Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандар Қайраттың отбасымен концерт қоюына қарсы шыққан

Қайрат Нұртас отбасы мен өнердегі жолын тоғыстыратын шоуға қызу дайындықты бастап кетті. Бірақ, жанұясының әр мүшесін сахнаға шығарғанда хитменге халық қарсылық білдіретін көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Папасы, мамасы өлең айтып қойды. Мүмкін анауы шығатын шығар. Мүмкін енді иті айтатын шығар, мысығы айтатын шығар деген сияқты әңгімелер айтады. Енді мен ән айтуды қылмыс деп ойламаймын», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Қазіргі таңда Қайрат жанұясымен жаңа бағдарлама әзірлеп, таяуда тыңдармандарына тағы бір кеш ұсынбақ. Ауқымды шоуда әншінің ата-анасы, жұбайы мен балалары және інісі де өнер көрсетеді екен.

«Әу демейтін қазақ жоқ дейді ғой. Сондықтан ән айту деген ұят нәрсе емес. Бір көшеде арақ ішіп, домалап жатқан жоқ. Не болмаса біреудің тұмсығын бұзып, ұрлық істеп түрмеге түсіп жатқан жоқ. Ол жаман нәрсе емес қой негізі. Негізі күндеуге болмайды. Айтқан адам айтқанынша айтсын. Халық ұнатып жатса тыңдайды», – дейді Айдарбекова.

Жіберіп алмаңыз: 

Мәдина Сәдуақасова: Күйеуімнің талабы бойынша қонаққа бармаймын, қонақ шақырмаймын

Рахман Омар: МС Сайлаубекте табиғи тазалық бар

Бағлан Әбдірайымов: Мені қайтыс болды деп әзілдегенде Ердос бастап “ой, бауырымдап” жылаған

Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Талқылау