Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті жалған сүт өнімдерінің тізімін жариялады

Малдың майының орнына өсімдік майлары сақталған дүкен сөрелеріне түсіп үлгерген бірқатар өнімдер жалған деп табылды. Бұл туралы тұтынушылар құқығын қорғау комитеті дабыл қағып отыр.

lori-0003871867-bigwww

Комитет хабарлағандай, келесідей өндірушілерге аталмыш жалған өнімдер тиесілі:

1.Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б. Момышұлы селосы Көктем көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Бурный сүт компаниясы» ЖШС жалған өнім өндіреді: – майлылығы 2,5%, 3,2% және 6% «Бурный» сүті.

2. Жамбыл облысы Мерке ауданы Ойтал селосы  Желтоқсан көшесі,1 мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС жалған өнім өндіреді: – 15%-ды қаймақ,  майлылығы  45% «Костромской» ірімшігі.

3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос селосы Ленин көшесі, 32  мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Адал» АӨК АҚ жалған өнім өндіреді: –  2,5%, 3,2%, 6%-ды «Адал» сүті, 10%-ды «Адал» кілегейі, 15%-ды «Молочный мир» қаймағы.

4. Алматы облысы Талдықорған қаласы Рақышев көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «GSK Laktis Ltd» ЖШС жалған өнім өндіреді: – майлылығы 15%-ды қаймақ.

5. Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы, Сүйінбай көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Үштөбе Айдын»  ЖШС жалған өнім өндіреді:  – майлылығы 2,5%-ды сүт.

6. Алматы облысы Талдықорған қаласы Қаратал көшесі, 141 мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «JLC- СҮТ» ЖШС жалған өнім өндіреді: – 2,5% және 3,2%-ды табиғи сүт, 2,5% және 3,2%-ды «Свежий продукт» айраны, балғын сиыр ірімшігі, майлылығы 15%, 20% қаймақ.

7. Ақтобе облысы  Хромтау қаласы Окраина көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Агрофирма-Тау» ЖШС жалған өнім өндіреді: –  3,2%-ды ішетін сүт, майлылығы 2,5%-ды қою айран

8. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу селосы Головко көшесі, н/з мекенжайыбойынша орналасқан өндіруші «Сайрам сүт» ЖШС жалған өнім өндіреді:  майлылығы 20%-ды «Сайрам сүт» қаймағы

9. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қаратөбе аудандық округі Бадам селосы, 095 орам мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Алтын Дән» ЖШС жалған өнім өндіреді: – 1%-ды «Алтын Дән» айраны

10. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Ленин селосы мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Ростан» ЖШС жалған өнім өндіреді: – балқытылған ысталған шұжықты ірімшік.

11. Павлодар облысы Ақсу қаласы Совет көшесі, 44 мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Арлан» ЖШС жалған өнім өндіреді:    –  2,5%-ды сүт, 2,5%-ды кефир, 2,5%-ды йогурт,  майлылығы 72,5% крестьянский майы.

12. Алматы қаласы Зорге көшесі, 18  мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Ozalp Sut» ЖШС жалған өнім өндіреді:    – майлылығы 3 %-ды йогурт.

13. Алматы қаласы Гайдар көшесі, 36 және Астана қаласы Шұғыла көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Emile Companу» ЖШС жалған өнім өндіреді:    – 40 %-ды «Сулугуни» ірімшігі, майлылығы 10 %-ды «Dieta» термизилденген сүзбе өнімі. –  майлылығы 2%, 15%-ды «Одари» майлы емес сүзбесі.

14. Қарағанды облысы Октябрь ауданы Солтүстік өндіріс аймағы, 089 есепке алу орамы, 6 учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан өндіруші «Нәтиже сүт фабрикасы» ЖШС мынадай жалған сүт өнімдерді өндіреді:     –    2,5%,3,2%-ды сүт, 4,5%-ды мейіз қосылған тәтті сүзбе массасы, 45%-ды «Брынза» тұздалған ірімшік, майлылығы 12%-ды тұздалған майлы құрт

Комитеттің аумақтық департаменттерінің техникалық регламенттерін бұзу бойынша енді өз істеріне немқұрайлы қарап, сүт өнімдерін саудаға шығарған кәсіпорындар жоспардан тыс тексерілетін болады.

Талқылау