Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы әкесін элиталы пәтерінен қуып шықты

Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзовтің бірінші некесіндегі ұлы оны Алматының элиталы ауданындағы пәтерінен қуып шықты, деп хабарлайды сот үкіміне сілтеме жасап Stan.kz.

Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы әкесін элиталы үйінен қуып шықты

Алматы қаласының аппеляциялық сот алқасы Тұрсынғали Алагөзовті пәтерінен шығару туралы Бостандық аудандық сотының 20 сәуірдегі шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімінде Әрсен Алагөзовтің сотқа жүгініп, әкесі Тұрсын Алагөзовке қарсы қуыным бергені көрсетіледі. Ол соттан жауапкерді өзімен бірге тұратын тұлғалармен бірге Алматының Әл-Фараби даңғылында орналасқан элиталы пәтерінен шығаруын сұраған.

Бұған дейін аталған пәтер сатып алу-сату келісім шарты бойынша Әрсен Алагөзовке тиесілі болған. Ол әкесі Тұрсынғали Алагөзов пен отбасы мүшелеріне өз пәтерінде тұруға келісім берген. Алайда былтырғы жылдың мамыр айында Әрсен жауапкердің атына берген келісім шартынан бас тартты. Сонымен қатар 2017 жылдың қазан айында ұлы әкесіне бірнеше рет пәтерді босату туралы хабарлама жіберген.

«Сонымен қатар қазіргі уақытта отбасы мүшесі болып табылмайтын жауапкер пәтерді босатудан бас тартты. Пәтерді иесіне қайтарылмайынша, келісім шарт бойынша қатынастар мүмкін болмағандықтан, жауапкердің пәтерде тұруы жоғарыда аталған келісім шарттарды бұзуға кедергі келтіреді», – делінеді құжатта.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 20 сәуірдегі шешімімен Тұрсынғали Алагөзовті пәтерден шығарып, Алагөзв Тұрсынғали Тұрымұлынан Алагөзов Әрсен Тұрсынғалиұлының пайдасына мемлекеттік баж салығы бойынша 1203 теңге көлемінде ақша өндірілуі туралы үкім шығарылды. Сот шешімімен келіспеген Тұрсынғали Алагөзов аппеляциялық шағым түсірді. Алайда сот жауапкердің аппеляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ.

«Бостандық аудандық сотының 2018 жылдың 20 сәуіріндегі аталаған азаматтық іс жөніндегі шешімімен жауапкер Алагөзов тұрсынғали Тұрымұлының аппеляциялық шағымын қанағаттандырмай, өзгеріссіз қалдырылды. Сот алқасының қаулысы жария болғаннан кейін заңды күшіне енеді және жарияланғаннан бастап 6 ай көлемінде Қазақстан Республикасының Жоғары сотының кассациялық инстанциясына шағымданып, наразылық білдіру мүмкін», – делінеді сот қаулысында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы әкесін сотқа берген еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар