Тұрсынғали Алагөзов: Бірінші әйелімді күйеуге беруім керек
Тұрсынғали Алагөзов алғашқы жары Ляйсира Алагөзовамен не себепті ажырасқанын айтты. Сондай-ақ, ол болашақта үшінші рет үйленуі мүмкін деген болжамды жоққа шығармады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Неге ажырастыңыз? Себебін білуге бола ма? Тамаша балаларыңыз бен әйеліңіз бар еді?” – деген оқырманының сауалына Алагөзов:
“Солай болып қалды, басқа адамды кездестірдім”, – деп жауап берген.
Келесі бір оқырман Баяннан асқан сұлуды кездестірсе, не болатынын сұраған. Оған кәсіпкер: “Әлі бірінші әйелімді күйеуге беруім керек”, – деген.
Десе де, Тұрсынғали Алагөзов “өмірде бәрі мүмкін” екенін атап өтті.
Бұған дейін, танымал кәсіпкер Баянмен айырылыса алмайтынын айтқан еді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар