Көпшілік Қабатовты үнемі қазақтарды әжуалайтын әзілі үшін сөкті

Дүйсенбі, 25 Қаңтар , 2016 8:17

«Корреспондент»  басылымында жарық көрген мақала дәл осы тақырыпты көтеріпті. Автор, белгілі әзілкеш «Әзіл әлемі» театрының басшысы, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылығы тек қазақтарды тұқыртудан тұрады дейді.

maxresdefault (1)

Автор осылайша оның шығармашылығына қатысты біраз сын білдірген: Үнемі әзілдерінде қазақтарды келеке етіп, оның тек жаман жақтарын ғана жіпке тізіп күлкі ете береді, ал жақсы жағын ешқашан айтқан емес деген сыңайда басталады.

«Ол өзінің бір қойылымында: «Мал түгілі адамның атын дұрыс айтпаймыз»,-деп бірқатар қазақтардың кемшілігін тізе келіп, «Жақсы нәрсе ойласақ жақсы нәрсе береді. Бір балаға сен ақылды баласың десе, ана бала ұялғанынан ақылды болып кетеді екен. Ал біз тупой дейміз. Сосын ол жүреді мен тупоймын, дым білмеймін деп», – дейді. Сөйтіп сөз соңын: «Жақсы нәрселер байқап жүрсек, жақсы нәрселер болады, ағайын», – деп аяқтайды. Бірақ осы кісінің неге қазақтардан жақсы нәрсені байқай қоймайтыны бізді де ойландырады. «Жамандасаң әкеңді, саған әкеп, Жақсы әкесін бере ме басқа бала» дегендей өз елімізді, өз ұлтымызды қаралай берсек көрген басқа не дейді, басқа жұрт не істемейді?!», – деп автор ашына жазған.

Автор, бұл тек өзінің ғана пікірі емес, осындай әңгімені көп адамның ауызынан естігенін де алға тартқан. Сосын мысалға, ресейлік Михаил Задорновты келтіреді.

«Ол «Когда смешно, тогда не страшно»,-деп біраз елінің кемшілігін жіпке тізгенімен, көбіне Ресейді басқа мемлекеттермен салыстыра келіп, артықшылығын айта кетуді әсте естен шығармайды», – дейді.

«Керек адам деген жағдайы бар адам. Ол адам келе жатса анадай жерден күтіп тұрасың. Ол адам көрмей тұрса алдынан шығасың». Бұл Тұрсынбектің кезекті концертінде айтқан әзілінен үзінді. Алайда автор бұған да шүйлігеді.

«Бұл әзілдерде өмірдің шындығы ашық айтылғанымен, осындайда қазекемнің «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегені ойға оралады. Осыны қазақтар деп жалпылай айтуымыз қаншалықты орынды?», – деп көпшілікке сауал тастайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев

Пікір қалдыру

Осы казакты куртам деген адам осылай жазады. Нелери кетти Турсынбекте .

Тұрсынбек Қабатов ағамыздың әр әзілінің астарында бір шындық бар… Мен оны кемсіту емес, сол әзілден нәтиже шығару керек деп ойлаймын. Әр әзілін асыға күтіп, үзбей тамашалайтын көзі қарақты көрермен үшін ол төмендету емес, көкке көтеру ғой!!!! Салыстыратыны – біздің қазақ биікке шығып ел қатарлы өмір сүрсе екен дейді. Сондықтан жақсы адам жоғарылаған сайын, балағынан тартпасақ игі еді…

Тұрсынбектей жетістікке жетуге жұмыстанайық сахнаға шығып әзіл айту үшін үлкен жүрек керек

Тұрсынбек түсінген адамға қазақтарды жамандайын деп жамандамайды тек сондай жамандықтардан сабақ алсын деп айтады

Тұрсынбектің əзілінде өтірік бар ма? Бəрі удай ащы шындықтар. Бірақ əзілдеп тұрып əр адамның санасына жеткізеді. Бос əңгіме, бос күлкі тудыратын əзіл кімге керек? Күндеуді қояйық ағайын. Қолдайық, осындай азаматтармен мақтанайық. Қазір ел арасында Тұрсынбек айтқан деген əңгімелер таралып кетті. Бір нəрсені дұрыс жасамай жатсақ Тұрсынбек есімізге түседі де дереу түзеліп аламыз. Мысалы, қонақ кеткен соң өзіміз отырып шəй ішейік деген, баламызды ойнатуға апарып фотоға түсіріп мазасын алатынымыз т.б.

Осы адамдар көре алмайма білмеймін! Өз басым тұрсынбекті қолдаймын ол шындық айтады жəне жама жағын ғана жақсы жақтарын айтқан жері аз емес!

Байғұс баланың айтатыны,өз басынан өткен өмірі,осы жолға жеткенге дейінгі қиыншылықтары мен кездескен əділетсіздіктері ғой.

Ассаламу алайкум мен Тұрсынбек баурымыздың əзілін толығымен қолдаймын өйткені ол ашшы шындықты айтып күлдіреді. Ал ашшы дәрі ішіп дертімізге шипа болып жатқанын ұмытпайық ағайын. Бұл əзілден өзімізге тәрбие алуымыз керек. Ол біздің қазіргі болып жатқан қателіктерімізді есімізге салып тұрады ей қазақ баурым тоқта есіңе кел қазақтарда бұлай болмаған ол бұрын осылай болған деп. Шындық əр қашан ашшы болады жене көзді шұқыйды деген сонықтан оған түсіністік пен қараған жөн болар.

Турсынбекке тиiсе бермей, жайларына журiндер, оншен осекшiлер!

Сенимен келиспеймин! Жок жерден бале издепсиз!! турсынбек шындыкты айтады азилдеп!!

жалпы автордың айтып отырғаны бір жағынан қарасаң орынды, таяқтың екі ұшы бар емеспе? қазір біздің қоғамымызда өзінің кемшілігін айтсаң күлетіндер көбейіп отыр, себебі біз Тұрсынбек Қабатов ұйымдастырған кешке барамыз ол бізді мазақтайды біз оған күлеміз, солай емеспе? Өнерде жүрген жолдастары Амангғали, Қанат деген жігіттер өздерін мазақ қылып көрсетуден тай салмайды тек қана залдағы халық күлсе болды. жалпы концерт, тамаша, би, т.б өнерлердің мақсаты халықтың мұң-мұқтажын, ұрпақты тәрбиелікке шақыру емеспе? Шаншар, Алдараспан театр әртістерінің қойылымдары қоғамда болып жатқан жағдайларды әзіл арқылы көрсетіп адамға ой салады. жалпы өнер адамдарына топырақ шашып отырғаным жоқ. біздің елімізде жалпы өнер бизнес көзіне айналып кетті емеспе?… Read more »
wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар