Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсын Алагөзовтің қызы атасын сотқа берді

Тұрсын Алагөзовтің қызы Амина Марат атасы Тұрым Алагөзовті сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сот сайтындағы мәліметке сәйкес, Амина Марат 10 тамыз күні атасы Тұрым Алагөзовты пәтерден қуу туралы сотқа арыз жазды. Амина Мараттың арызы қабылданып, азаматтық іс қозғалды.

Арыз Алматы қаласы Медеу аудандық сотына келіп түсті. Сот төрешісінің анықтамасындағы бір пункте тараптардың татуласуына жәрдемдесу туралы айтылады.

Сот төрешісі Мұсағалиевтің анықтамасында тараптардың сот процестерін жеңілдету, процедуралық іс-әрекеттерге тиісті және уақтылы қарау және рұқсат беру үшін басқа да қажетті шараларды орындау туралы жазылған.

Бұған дейін Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы әкесін элиталы пәтерінен қуып шыққан еді. Сот қарсы тараптың апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ. 

Ал, Амина Марат тегінен ғана емес, әкесінің атынан да бас тартты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау