Тұрсын Алагөзовтің әкесі Айарумен достығы жайлы айтты
Тұрым Алагөзов өз немерелерімен араласпайды. Ол ұлы Тұрсынғали бірінші әйелімен ажырасқан соң немерелерімен байланысын үзген. Есесіне Баянның қыздарымен жақсы қарым-қатынаста, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Танымал дирижер Баян Алагөзованың кіші қызы Айарумен достық қарым-қатынасы жайлы айтып берді.
“Біздің Айару жасы кіші болғанына қарамастан, өте ақылды, сауатты әрі ұмтылған мақсатына жетпей қоймайтын қыз. Онымен тілдесу оңай емес, есесіне қызықты. Таныстығымыздың алғашқы күнінен бастап достасып кеткенімізге қуаныштымын”, – деп қуанышымен бөлісті ол.
Естеріңізге сала кетейік, Тұрсынғали Алагөзов бірінші жары Ляйрисамен ажырасқан соң қос тарап арасында дау туды. Жақында кәсіпкердің ұлы Әрсен Алагөзов әкесін элиталы пәтерінен қуып шыққан болатын. Сондай-ақ, Тұрсынның қызы Әмина атасын сотқа берді. Ол да Тұрым Алагөзовті пәтерінен қуып шықпақ ниетте.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”