Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов: Мен сүйетін Баянның болмысы осы суретте анық көрінген

Продюсер жуырда әлеуметтік желіні «жарған» суреті туралы айтты.

maxresdefault

Бұл туралы КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

Баян Мақсатқызы тұрмысқа шыққалы жатыр. Ол жуырда әлеуметтік желіні «жарған» суреті туралы айтып берді. Аталған суретті сүйіктісі өзінің рұқсатынсыз желіге салып жіберген екен.

«Шыны керек, мен өзім суретті көрген кезде таңқалдым. Өйткені, бұл  кішігірім тосын сый болатын. Біз фотосессия жасадық. Жуырда толық нұсқасы ғаламторға шығады. Ал әлгі суретті Тұрсын менімен ақылдаспай ғаламторға салып жіберген. Осы үшін арамызда аздаған кикілжің де болды. Тұрсынға дәл сол сурет ұнаған екен. Ер-азаматтардың сұлулыққа деген көзқарасы ерекше ғой. «Бұл суретті неге салдың?» деп сұрадым. Ол «Мен сүйетін Баянның болмысы осы жерде анық байқалған» деп жауап қайырды», – дейді Баян Есентаева.

Мұнымен қатар, продюсер дәл қазір шығармашылық шабыт пен жұмыс туралы ойлағысы келмейтінін айтып қалды. “Мен шығармашылыққа әлі етене кіріскен жоқпын. Себебі, әлі де емделіп жүрмін. Дәл қазір жұмыс жайлы ойлағым да келмейді. Нағыз қызық 40 жастан кейін басталады демекші, Тұрсын екеуіміз жеке өмірімізді реттеп жатырмыз”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің жұбайымен түскен суреті желіні шулатты

Баян Есентаева: Мен патриотпын. Тойымды Алматыда жасаймын

Жанар Дұғалова тамағына ота жасату үшін Ресейге аттанды

Ninety one тобы ұзақ үзілістен кейін шаштарын қайта бояп, бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау