Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмысқа шыққалы жатқан қыз болашақ күйеуін бала кезіндегі суреттерінен көріп қалды

Ұлыбритания тұрғыны болашақ күйеуін олар танысқанға дейінгі 10 жыл бұрынғы суреттерден тауып алды. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады.

Верона Количи (Verona Koliqi) 2016 жылдың жазында Мирандом Бузакумен (Mirand Buzaku) танысқан. Олар атастырылғаннан кейін, әйел өзінің бала кеіндегі суреттерін көрсеткен. Жігіт оның Черногориядағы су жағасында түскен суретінің артқы планынан өзіне ұқсайтын баланы көрген. Бала кезінде оның да ондағы баланың үстіндегідей жидесі, шорты мен үрлемелі матрасы болған екен.

Олардың туыстарынан анықтап сұрағанда суреттегі шынымен Миранд екенін айтқан.

Қазіргі қалыңдығы мен жігіті кездескенге дейін 10 жыл бұрын бір жерде, бір су жағасында демалып, тіпті, бір-біріне жақын жүрген болып шықты. Бірақ олар бір-бірі туралы мүлде білмеген. Олардың айтуынша, бұл “сәйкестік”.


Веронаның Instagram парқшасындағы осы оқиға туралы жазбасы 31 мың лайк жинаған.

Тағы оқыңыз: 

Балары мен әйеліне мылтық кезенген ер адамды полиция жарақаттауға мәжбүр болды

Сенат төрағасы Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдады

ОҚО-да мектеп директоры білім ордасының мүлкін сатып жатыр

Талқылау