Басты жаңалықтар
Түркістан облысының тұрғыны таңғы жетіде қыз ұзату өткізген
Түркістан облысында таңғы жетіде той өткізгендер ұсталды. Карантин талаптарын бұзғандарды анықтау үшін әкімдік дрон қолданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қарабұлақ ауылының тұрғыны таңғы сағат 7:00-де 150-ге жуық адамды жинап, той өткізген. Мерекелік шараның ерте өткізілгеніне қарамастан, той ұйымдастырушысы жауапқа тартылыпты.
Әкімдік өкілдері той туралы хабарды белгісіз біреу әкімнің өзіне жеткізгенін айтады. Мониторинг тобы көрсетілген мекенжай бойынша келген, алайда бұл жерден ешкімді таба алмапты. Алайда дронның көмегімен айналаны бақылап шығуды ұйғарған олар, қыз ұзатудың басқа жерде өтіп жатқанын анықтаған. Өз кезегінде әкімдіктегілер ұшқышсыз ұшу аппараттары заңбұзушылыққа жол бергендерді анықтау үшін жиі қолданылатынын атап өтті. Тойға келгендер үйлеріне тарқасып, ал басқосуды ұйымдастырған айыппұл арқалады.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған