Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мәдениет үйінің басшысы мемлекет бөлген 6,5 миллион теңгеге өз қызметкерінен киіз үй сатып алған

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәдениет үйінің директоры Болат Оразымбетов байқау өткізбестен қол астындағы қызметкермен киіз үй сатып алуға келісімшарт жасасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәдениет үйінің директоры Болат Оразымбетов ешқандай байқау өткізбестен мемлекет бөлген 6,5 миллион теңгеге киіз үй сатып алған. Бұл туралы заңгер Ербол Сардарбеков өзінің Facebook парақшасында жазды. 

“Мұнда тұрған ештеңе жоқ, бірақ киіз үй сатып алған "Нұр-Ару" ЖШС фирмасы мәдениет үйінде экономист болып қызмет атқаратын Ералы Мәдібековке тиесілі болып шықты. Яғни, мәдениет үйінің басшысы қол астындағы қызметкерімен келісім шарт жасасқан. Керемет! Қарамағыңдағы қызметкер тұрғанда басқа жеткізушінің керегін не”, – дейді заңгер.

Аталған жайтқа байланысты Түркістан облысының әкімдігі пікір білдірді.

“Төлеби аудандық мәдениет үйіне мемлекеттік сатып алуға қатысты қызметтік зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылды. Тексеріс барысында Ералы Мәдібековтің  2019 жылдан бастап Төлеби аудандық мәдениет үйіне 0,5 штаттық бірлікте экономист болып қызмет еткені белгілі болды. Алайда оның мемлекеттік сатып алумен айналыспайтыны анықталды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" заңға сәйкес бір жақты келісімшарт жасалып, кемшіліктер орын алғаны белгілі болды.

Сол себепті Төлеби аудандық мәдениет үйінің директорына сөгіс жарияланып, тәртіптік шара қолданылды. Ал экономист Ералы Мәдібеков өз еркімен қызметінен кеткен. 

Талқылау
Пікір
Sake3578
27 Сәу, 24 жыл - 18:58

Біріңнің артыңды бірің аш, қазаққа жау керек емес…

Болатындыда болмайтындыда жіпке тізгеннен басқа жұмыстарың жоқ...