Түркістан облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Түркістан облысы Кентау қаласындағы үйлердің аулаларының бірінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Полиция қоршауға алған оқиға орнының суретіне қарағанда, нәрестенің мәйіті қоқыс жәшігінен табылған.
"Полиция үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, маңайдағы үйлердің тұрғындарынан және мүмкін куәгерлерден сұхбат алып, медициналық мекемелерді тексеріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
Полиция өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын атап өтті.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"