Түркістан облысында ауызашар кезінде жарылыс болып, 8 адам жараланды
Түркістан облысында кафеде өрт болды. Газ баллонының жарылысы салдарынан сегіз адамды күйік шалды.

Кафе иесі мен оның 5 жастағы ұлы газ баллонының жарылысынан зардап ауыр шекті. Бала аудандық аурухананың жансақтау бөліміне алынды. Кафенің иесі бірнеше жыл бойы шауырма дайындап сатумен айналысқан. Қазіргі кезде сарапшылар оқиғаның себептерін зерттеп жатыр.
"Сайрам орталық аудандық ауруханасында сегіз адам бар. Олардың жағдайы ауыр деп саналады. Олардың ішінде бес жасар бала бар. Қарқынды терапия бөлімшесінде алты адам. Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Олардың жағдайлары тұрақтанғаннан кейін облыстық клиникалық ауруханаға ауыстырылады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық