Турист қыз бір жылдың ішінде танысу сайты арқылы 9 елге тегін саяхат жасаған

Сәрсенбі, 13 Қаңтар , 2016 16:00

Мониканың айтуынша, 2014 жылы ол MissTravel атты танысу сайты жайлы естиді. Ол жерде әркім өзіне лайықты қатысушыны таңдап, сонымен бірге саяхат жасауына болады. Саяхатты таңдап алған қалталы азамат қаржыландырады.

luxfon.com_13032

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Америка азаматшасы Моника Линн өз қалтасынан ақша жұмсамай, бір жыл ішінде танысу сайтының арқасында 9 елге саяхат жасапты.

«Мұнда небір қалталы азаматтар тіркелген. Олар сайттан қыздардың анкетасын оқып, қалаған қызға өзімен бірге саяхат жасауға ұсыныс білдіре алады. Әуеліде мен бұл заңды жолмен жасала ма деп күмәнданғам. Бірақ, ойлана келе тіркелуге бел будым», – дейді саяхатшы қыз.

Линн ең алғаш 31 жастағы азаматпен Барбадос еліне саяхат жасаған. Ол бір апталық қыдырыстың, 5 жұлдызды қонақүйдің ақысын төлеп, Линнге күміс әшекейін сыйға тартқан. Кейіннен олар дос болып қалыпты.

Екінші рет ол осы сайт арқылы Италияға сапар шегеді. Бұл жолғы досы оны  кейіннен Индонезияға шақырған. Одан соң Филиппинге қыдыр барады. Екеуі барлығы 7 елде болып қайтқан. Қазір ол жігіт Италияда тұрады. Ал, Моника Америкада тұрып жатыр.

«Бұдан былай қолым босаған сәттерде осылайша танысу бұрышы арқылы адам іздейтін боламын. Енді мен үшін жай кездесулер қызықтырмайтындай көрінеді», – дейді қыз.

MissTravel сайтын Брендон Уэйд ашқан. Ол, сондай-ақ, Seeking Arrangement сайтын құрышы ретінде де танымал.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар