Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түріктің “Kara sevda” телехикаясын Өзбекстанда көруге тыйым салынды

Түркияда түсірілген “Таусылмас махаббат” (Kara sevda, Черная любовь) телехикясы Өзбекстан телеарналарында көрсетілмейтін болды. Онда”Махаббат қасіреті” деген атпен 2017 жылғы тамыздан көрсетіле бастаған бұл фильмге радикал мұсылмандар қарсы шыққан.

Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Премьер-министр Абдулла Арипов бұл фильм өзбек қоғамындағы отбасының рөліне қауіп төндіретінін анықтау үшін “сериалдың мазмұнын тексеруге” тапсырма берген. Апта соңында күніне екі рет Zo’r TV жекеменшік арнасынан берілетін “Махаббат қасіретін” көрсету тоқтатылды.

“Осы себепті көрсетуді тоқтаттық. Әзірге бұдан әрі не болатынын білмейміз. Бұл – уақытша тыйым ба, әрі қарай көрсетуге рұқсат беріле ме, ол жағынан бейхабармыз. Нақты жауап жоқ”, – деді Zo’r TV телеарнасының қызметкері.

Радикал исламшылар да, мұсылман ұйымдары да үкіметке бұл сериалға тыйым салу туралы талап қойып келген.

“Таусылмас махаббат” – өзін бай бизнесменге күштеп ұзатуға тырыспақ болған ата-анасына қарсы шыққан қыздың тағдыры туралы телехикая. Бай жігіттің орнына ол кедей шаштараздың ұлымен көңіл жарастырады. Махаббаттың атастыру дәстүрін жеңгені туралы хикаямен телесериалда күштеп некелестіру, некеге дейінгі төсек қатынасы, зинақорлық, жоспарсыз жүктілік, қызғаныш, кісі өлтіру, бопсалау және суицид тақырыптары қозғалған.

2015 жылдан бері Стамбулда түсіріліп келе жатқан бұл сериал халықаралық “Эмми” жүлдесін алған және әлемнің 50-ге жуық тіліне (соның ішінде парсы және араб тілдеріне) аударылып, дубляждалған.

Исламшылардың Azon.uz веб-сайты телесериалды эфирден алып тастауды талап етіп, ақпан айында бес мақала жариялаған. Олардың айтуынша, бұл фильмді көрген адам “көзбен күнә жасайды”, ал актерлерді өзбекше сөйлетіп дубляж жасаудың өзі “харам” саналады-мыс.

Тағы оқыңыз:

Суррогат аналар бойдақ жігітке 19 бала туып берді

Әйел көңілдесімен бірге болу үшін күйеуін улап өлтірген

Қытайлықтар жерлеу рәсіміне көп адам келу үшін стриптиз билейтін қыздарды жалдайды

Ванна қабылдап денесі көгеріп кеткен қыз желідегілерді таңғалдырды

 

 

 

 

Талқылау