Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына өз депозиттерін сатуға рұқсат берілді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына өз депозиттерін сатуға рұқсат берілді. Бұл шотқа иелік ету құқығын үшінші тұлғаларға беруді қарастыратын онлайн-табыстау сервисінің арқасында мүмкін болып отыр.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына өз депозиттерін сатуға рұқсат берілді

Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ендігі салымшылар жинақ мерзіміне кем дегенде 1 жыл болған депозиттерін сатылымға шығара алады. Сондай-ақ, шотты тек бір рет сатуға рұқсат берілген.

«Жыл басынан бері 83 000-нан астам қазақстандық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашты. Бұл азаматтар тұрақты түрде ақша салып отырып, кемі үш жылды құрауы тиіс мерзім мен 16-ға жеткізуді қажет ететін бағалау көрсеткішіне қатысты банк талаптарын орындаған жағдайда, 5% мөлшерлемемен тұрғын үй займын ала алады. Банкте тұрғын үй займын алуға келіп қалған, бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты келісім-шартты бұзып, жинаған ақшасын қайтарып алуды шешкен клиенттер бар. Бұл жағдайда олар біздің жаңа қызметімізді, яғни депозиттерге иелік ету құқығын үшінші тарапқа онлайн жолмен беру әдісін қолдана алады. Себебі жақсы жинақ мерзімі және сомасы бар шотты сатып аламын дейтін жандардың да қатары көп. Олар ұзақ күтпей-ақ, аз уақыттың ішінде төмен пайызбен тұрғын үй займын ресімдей алатын болады», – деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бұған дейін депозитке иелік ету құқығын беруді тек жақын туыстар арасында ғана жүргізуге рұқсат етіліп келген еді.

«Салымшылар арасындағы шектен тыс алыпсатарлыққа тосқауыл қою және мемлекеттік бағдарламалар аясында пәтер сатып алу тәртібін бұзбау үшін келісім-шартты үшінші тұлғаға сату мүмкіндігіне банк кезінде тыйым салған болатын. Бұл әдіспен сатылған шот арқылы депозиттің жаңа иесі үйді тек коммерциялық нарықтан ала алады. Мұндай салымдар мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайды. Осылайша жеңілдетілген шарттармен әлеуметтік тұрғын үй алу үшін өз бетінше және тұрақты түрде ақша жинап жатқан салымшылардың мүддесі қорғалады», – делінеді хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар