Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғылықты жер бойынша қалай онлайн тіркелуге болады?

ІІМ мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында түрлі шаралар қолдануда, оның ішінде тұрғылықты жер бойынша тіркелу және уақытша тіркеуге тұру. Осыған орай Stan.kz ақпараттық агенттігі ІІМ сілтеме бере отырып, тұрғылықты жер бойынша онлайн тіркелудің жолдарын ұсынады.

Тұрғылықты жер бойынша қалай онлайн тіркелуге болады?

2015 жылдың соңында республика бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы тұрғылықты жер бойынша тіркелу қызметі қосылды. Былтырдан бастап тұрғылықты жер бойынша тіркелуді онлайн режимінде жасау мүмкіндігі туды.

Аталған қызмет үшін порталға өтініш білдірудің өзіндік артықшылығы бар. Өтінішті үйден немесе кеңседен шықпай онлайн режимінде береді, демек ХҚКО-ға баратын уақытты үнемдеп, кезекте тұрмайсыз.

Қызметті пайдалану үшін тұрғын үйдің иесіне порталдағы жеке кабинетіне кіріп, тіркелу қызметі мен тіркелу мекенін (қала, көше, үй мен пәтердің нөмірі) таңдау қажет. Артынша жеке кабинетке тіркелудің аяқталғаны туралы хабарлама келеді.

Егер өтініш білдіруші үйдің иесі болмаған жағдайда, пәтер иесінің жеке кабинетіне тұрғылықты жер бойынша тіркелуге келісім сұрау керек.

Тек тоғыз айдың ішінде «электронды үкімет» арқылы 47,5 мың адам тіркелген, олардың ішінде 29,7 – тұрақты тіркеуге, 17,7 – уақытша тіркеуге тұрған.

Сонымен қатар, аталған қызметті оңтайландыру мақсатында ІІМ келесі сұрақтарды шешуде:

Портал арқылы балаларды және жаңа туған сәбиді тіркеу (жаңа туған бала ата-анасының тіркелген жері бойынша қатар тіркеледі);

Қызмет алушымен ұялы телефонына сұрау жіберу арқылы уақытша тіркеуді ұзарту;

Портал арқылы тіркелу кезінде бір реттік құпия сөзді телефонға хаттамамен  жіберу (электронды цифрлық қолтаңбаның баламасы ретінде).

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау