Тұмаудан емделуде қауіпті әрі кең таралған 6 қателік
Күз – тұмаудың уақыты. Маусымның, ауа-райының өзгеруі, дұрыс таңдалмаған киім, жаздан кейін белсенділік танытатын вирустар – мұның барлығы бойыңызда тұмау белгілерінің пайда болуына алып келеді.
Тұмаудың алғашқы белгілері бәріне мәлім: тамақ қышуы, мұрын бітелуі, жөтел, қызу көтерілуі. Әрине, аурудан сұламас үшін адамдар бірден өзіне алғашқы көмек көрсетуге тырысады. Тамағын түрлі ерітінділермен шайып, мұрынына арнайы дәрі-дәрмектер сеуіп, қымтанады. Дәргерлер аталған әрекеттердің бірқатары дұрыс жасалмайтынын және жағдайыңызды одан әрмен ауырлатып, сырқаттыңғ ұзаққа созылуына сеп болатынын айтады. Сондықтан тұмаудан емделгенде әрқайсымыз жіберетін қателіктер тізімін ұсынамыз.
Терезелерді жабу
Тұмаудың алғашқы белгілерін байқағаннан-ақ қымтанып, жел өтінде отырмауға тырысамыз. Оған қоса есік-терезенің бәрін жауып қоямыз. Ал дәргерлер аурудың алғашқы нышандары пайда болған адамды жабық бөлмеде қалдырып, оған қоса қосымша жылу қосса, ол зақымдану ошағының ұлғайып, тұмаудың асқынуына әкелетінін айтады.
Олардың айтыуынша тұмау кезінде бөлмені жиі желдетіп тұру қажет. Әрине сырқат адамның ашық терезе алдында отыруы да жөн емес. Бұл ретте бөлмеден шыққаны немесе жақсылап қымтанғаны дұрыс. Бөлмені тұрақты түрде желдендіріп, ауасын ылғалдандырып отырса, сырқаттың тынысы кеңейіп, тез сауығады.
Тұмауды қалай жылдам емдеуге болады >>>
Жөтелмен күрес
Тұмау кезіндегі жөтел күндіз-түні мазалап, жаныңды жегідей жейді. Әрине онымен күресу керек. Ол үшін көпшілігіміз жөтелге қарсы дәрі алмаққа дәріханаға беттейміз.
Ал дәрегерлер бұл әрекетіміздің дұрыс еместігін айтады. Біріншіден, дәрігердің рұқсатымен ғана қолдануға болатын дәрі-дәрмектер бар. Екіншіден, жөтелдің түрін анықтау қажет. Оның құрғақ не ылғал екендігі сізге беймәлім. Мүмкін ол көмейіңіздің тітіркенуі салдарынан болар. Бірқатар дәрілер қақырық түсіруге арналған. Олар қақырықтың сұйылып, ауатамырдан шығуына ықпал етеді. Және жөтел синдромын басатын дәрілер бар. Мұндай дәрілер сырқатты титықтататын құрғақ жөтел кезінде тек дәрігердің рұқсатымен ғана қолдануға рұқсат етіледі. Егер қақырық түсіретін дәрінің орынан жөтел синдромын басатын дәрі-дәрмек қабылдасаңыз, өкпеде патологиялық негіз жиналып, өкпе қабынуына алып келуі мүмкін.
Пайдасыз антибиотиктер
Түрлі дәрі-дәрметер мен ғаламтордағы кеңсетер қолжетімді заманда көбіміз күшті дәрілермен емделуді жө санаймыз. Тұмау кезінде антибиотиктерді қолдану – кең етек алған жағдай. Бұл реттң организмнің микрофлорасына зақым келтіріп жатқанын ешуім де ойлай бермейді. Себебі антибиотиктер бактериялық індетті емдеуге арналған. Ал тұмау – вирустық патология. Сондықтан мұнда антибиотиктер көмектесе алмайды. Сонымен қатар аталған дәрі-дәрмектерді дәрігердің рұқсатымен қолдану қажет. Күшті дәрі-дәрмекті ұсынар алдында көбінесе талдау жасап, организмде қандай қоздырғыш барын анықтап , осыдан кейін ғана емдік шара тағайындалады.
Ал антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау тұмаудың созылуына алып келіп, нәтижесінде гайморит, құлақтың қабынуы, пневмония, миқұртқа әкеп соғуы мүмкін. Оған қоса мұндай дәрілер ішек микрофлорасын бұзып, тірі ағзалардың бәрін жояды. Салдарынан вирустық індетпен күресуі тиіс иммунитет зардап шегеді.
Қалай ауырмауға болады: Тұмауға қарсы 7 тәсіл >>>
Халық «қулығы»
Тұмау кезіндегі емдік шаралар қатарында халықтық «әжелер» емі жетіп артылады. Лимон қосылған шай, жидектер нәрсуын ішу сынды кейбір ем түрлері пайдалы әрі ағзаға күш береді. Ал пияз не қызылша шырыны мен өсімдік майын мұрынға арналған дәрі ретінде қолдану мамандар сынына ұшырайды. Себебі аталған рецептер қарапайым әрі «қауіпсіз» болып көрінгенімен, жұтқыншақтың шырышты қабатын күйдіруі мүмкін.
Бүгінде халық емін белсенді түрде қолданудың қажеті шамалы: кез-келген дәріханада тұмауға қарсы дәрі-дәрмектің алуан түрі бар. Қиындықтан жылдам әрі тиімді арылу үшін, тамырды тарылтатын дәрі мен құрғатып, залаласыздандыратын дәрі-дәрмекті бір-біріне үйлесімді етіп таңдау жеткілікті.
Ысқылаудың қауіптілігі
Тұмаудың ең алғашқы белгісі ретінде қызу көтерілгенде көпшілігіміз денемізді спирт не сірке сумен ысқылауды жөн санаймыз. Алайда бүгінгінің дәргерлері бұл әдісті құптамайды. Себебі бұл сұйықтықтар терідегі саңылаулар арқылы ағзаға түсіп, организм улануы мүмкін. Әсіресе, ол балаларға қатысты. Мұндайда денені тек жылы сумен ысқылауға болады. Десе де мұнда да сақтық танытқан жөн: қан тамырлар тарылып, салдарынан қызу одан сайын көтеріліп, түспей қоюы мүмкін.
Сонымен қатар дерттен айығу үшін ішімдік ішудің де қажеті жоқ. Этил спиртінің түрлі дәрі-дәрмектермен әрекеттесуі организмге кері әсер ететіні дәлелденген.
Душтан бас тарту
Кейде сырқаттанып жүрген адам душ қабылдаудан қорқады. Себебі қызып тұрған дене мен бөлмедегі температура арасында айырмашылық болғандықтан, салқын тигізіп алуы мүмкін. Алайда тиынның екінші беті бар. Адам ауырған уақытта тері үстіне улы заттар мен вирустардың өмір сүруіне жағдай жасайтын өнімдер бар. Егер оларды жуып тастамаса, денеде қалып, зақымдануды асқындатуы мүмкін. Сәйкесінше ауру ұзаққа созылады. Сондықтан тұмау кезінде міндетті түрде жуыну керек. Тек оны дұрыс жасай білу қажет: тек жылы сумен жуынып , денені әбден құрғатып сүртініп, киіну. Әдетте адам душ қабылдағаннан кейін өзін сергек сезінеді.