Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Обаманың өзіне қалдырған хатын оқығандығын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі жұмыс үстелінің тартпасында Барак Обаманың өзіне қалдырған хатын оқығандығын мәлім етті.

1473477249

Бұл туралы 45-президент Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі аппаратының жоғары лауазымды қызметкерлерінен ант қабылдау барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен кабинетке кіргенімде, Обаманың қалдырған тамаша хатын көрдім. Оның тарапынан хатты жазу керемет болды», – деді Трамп оның мәтінін жария етпейтінін айта келе.

АҚШ-тың қызмет мерзімі аяқталған президентінің елдің жаңа басшысына хат қалдыруы – бұрыннан келе жатқан дәстүр. Хаттың мәтіні оның авторы мен адресатқа ғана мәлім болады.

Дональд Трамп АҚШ президенті лауазымына ресми түрде 20 қаңтар күні кірісті. Ұлықтау рәсімі Вашингтонда Капитолий маңында өтті. Оның инаугурациялық сөзінің басты бөлігі – елдегі билікті халыққа қайтару уәдесі болды.

Сол күні Трамп мемлекет басшысы ретіндегі бірқатар өзінің алғашқы жарлықтарына қол қойды.

Талқылау