Трамп мұсылман елдерінің халқына АҚШ-қа кіруге тыйым салды
АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылман алты мемлекетінің азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салатын жаңа жарлыққа қол қойды. Құжат16-шы наурыздан бастап күшіне енеді. Оның алғашқы нұсқасынан ерекшелігі қара тізімнен Ирак елі алынып тасталды,-деп жазды 31 арна.

Трамп әкімшілігі мұндай қадамға мемлекет қауіпсіздігін күшейтіп, терроризмнің алдын алу үшін барып отыр дейді. Жарлық бойынша Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали мен Судан елдерінің азаматтары 90 күн бойы құрама шаттардың аумағына кіргізілмейді. Бұл шектеу тек бірінші рет виза алмақ болған азаматтарға ғана қатысты. Ал Трамптың бірінші жарлығынан соң визасы болса да елге кіре алмай сенделіп қалған 60 мың адамға шекара қайта ашылмақ. Сондай-ақ, “грин-картасы” бар шетел азаматтары да штаттарға келе алады.
Оқи отырыңыз:
Иванка Трамптың канадалық министрге сексуалды көзқарасы БАҚ-ты шулатты (фото)
Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"