Айжан Байзақова маникюр жасату үшін Нұр-Сұлтанға бір күнге ұшып барып келді
Нұр-Сұлтанға тырнақ жасату үшін барған Айжан Байзақова жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Блогер желідегі парақшасына бір күнге астанаға барып, тойға арналған маникюр жасатып келгені туралы жазған. Тырнағына ерекше тәжірибе жасап көрген ол жазбасы арқылы тойға қызу дайындықты бастап кеткенін байқатты.
"Нұр-Сұлтанға бір күнге тойға арналған маникюр жасатуға ұшып барып келдім. Маған қатты ұнады. Өмірімде бірінші рет тырнағыма жылтырақ жабыстырдым. Өмірімді бір рет жасауға болады", - дейді Айжан Байзақова.
Тырнақ жасату үшін ұшып астанаға барған Байзакова жұртты аң-таң қылды. Олар аруға бақыт тілеп, тойының жақсы өтуін қалайтындарын айтты. Тіпті кейбірі тойға шақырмадың деп шағымданған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"