Тойды тамақсыз өткізбек болған жас жұбайлар қонақты ашуландырды

Facebook желісінің қолданушысы өзінің үйлену тойында дастархан жаюдан бас тартқан құрбысына шағымданды. Жас жұбайлар осылайша ақша үнемдемек болған. 

Тойды тамақсыз өткізбек болған жас жұбайлар қонақты ашуландырды

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жазба авторының сөзінше, ол қалыңдықпен 10 жылдан бері дос болып келеді. Құрбысы оны тойға куәгер ретінде шақырған. Жастар тойдың барынша қарапайымм өткенін қалапты. 

Қалыңдықтың құрбысының айтуынша, жас жұбайлар шығынды азайту үшін қонақтарға тек ішімдік ұсынып, түрлі тағамнан бас тартпақшы екен. 

«Не? Сонда күні-түні аш жүріміз керек пе?» - дейді бойжеткен. 

Оның пікірінше, тіскебасарсыз ұсынылған ішімдік тойдың шырқын кетіреді.
Жазба авторы бұл жағдайдың дұрыс емес екенін айтып, құрбысына кеңес беруді сұрады.

Желі қолданушылары жазба авторын қолдап, жас жұбайларға тамақтан ақша үнемдегеннен гөрі, тойды барынша қарапайым етіп өткізген дұрыс екенін айтты.
«Егер тойға келген қонақтардың бәрін тамақтандыра алмасаңыз, аз адам шақыру керек немесе дүркіретіп атап өтпеген жөн», - дейді пікір қалдырушылардың бірі. 

Кейбірі жас жұбайлардың бұл әрекеті қонақтарға деген құрметсіздік екенін айтып жатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр