Тойхана ортасына көлікпен кіріп келген Айнұр Тұрсынбаева желіде қызу талқыға түсті (видео)
Желіде Айнұр Тұрсынбаеваның қатысуымен өткен ерекше тойдың видеосы жарияланды. Ұзатылар қызбен бірге той ортасына сәнді әрі қымбат көлікпен кіріп келген ақынның әрекетін көпшілік мақтаншақтыққа балады, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Айнұр Тұрсынбаева соңғы жылдары әншілермен жарысып, тойға шығып жүр. Айтыскер, әсіресе, ұзату тойларына жиі қатысады. Күні кеше Тұрсынбаева талдықорғандық Әйгерім есімді аруды ұясынан шығарып салды.
“Талдықорғанда осындай ерекше той басталды. Барлық қазақтың қызына осындай сән-салтанатпен ұзатылу бұйырсын… Әйгерім, бағың жансын ботам! Мені жарты жыл бұрын шақырып қойған, соның өзінде “келмей қала ма деп қатты қорықтым” дейді. Шақырған жерден қалмаймыз ғой”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды