Қалыңдықтың көйлегі-2500 доллар: Шымкенттегі биылғы той трендтері (фото)

Жексенбі, 23 Сәуір , 2017 11:00

«Той – қазақтың қазынасы». Бағзы заманнан тойшыл қазақ халқы той-думанға келгенде қолындағы барын аямайтыны баршаға аян. Уақыт өте келе, бұл дәстүр бүгінгі күннен жаңаша жалғасын табуда. Әсіресе, күнгейде  той-бизнес кеңге құлаш ұрған, деп хабарлайды Stan.kz.

33-021

Қазіргі таңда да қанға сіңген қасиет кризис деп ортаймаған. Керісінше, той индустриясының дәуірі дүркіреп тұр. Шымкентте қатар тізілген зәулім сарайлар бірінен бірі асады. Той өтетін орынға қарап иелерінің «статусы» анықталады, ел арасында көпке дейін сөз болады.

33-021

Сондықтан «жұрт алдында ұятқа қалмас үшін» бұл ретте намысшыл ағайын барын салуға бар. Той-бизнестің өркендеуіне ең қолайлы өлке. Жуырда ғана «Көрме» орталығында өткен «Той Exclusive 2017» көрмесінде мұның бәрі жарқын көрініс тапқан.

33-021

Онда бұл саладағы өнімдер мен қызмет түрлерінің соңғы трендтері келген жұртшылыққа ұсынылды.

33-021

Ең алдымен, келушілердің назарын аудартқан – көрме залының ортасында даңғазадай боп жайғасқан той лимузины. Бір кешке бағасы: 50 мың теңге.  Ал жан-жақтан импортталған той көйлегін алғаш болып кию (жалға) 300 мың теңге тұрады. Ал сатылым бағасы теңгемен айтуға ыңғайсыз, доллармен атаған орынды: орта есеппен, 2500 АҚШ долларын құрайды.

33-021

Көрмеде ұсынылған дүниелерде, тіпті, дәстүрге сай дайындалатын қыз жасауынан қазақтың тойы Еуропаға жақындап баратынын аңғару қиынға соқпайды. Құны да көркіне сай. Мәселен, мына сандықшалар барқытпен, экобылғарымен апталған. Тастары – таза Сваровский тастары.

33-021

Мұндай жасаудың бағасы – 120 мың теңге. Қалыңдықтың кәдесіне жарасын, жарамасын, бастысы – артынан апарғанда абырой. Қазақтың дәстүрінде бұрын-соңды болмаған, бірақ бүгінгі таңда тойдың айнымас реквизитіне айналған баннерлердің құны 100 мыңнан асады.

33-021

Тойға келгенде, қазақта құн мәселесі емес, абырой құны қымбатырақ.

33-021

33-021

33-021

Тағы да оқыңыз:

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір тыйымы ғылыми түрде дәлелденді

АҚШ-та тұратын Мұхтар Мағауиннің күн тәртібі қандай

«Шаншар» театрының әртісі Жүсіп Ақшора: Уәлибек болмағанда осы күнге жетпес едім

Димаштың жаңа әнін тыңдаған көрермендер еріксіз жылап жіберді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Қазақстанда тойды өткізуге тиым салу керек. Тойды керемет өткіземіз деп кридит алып той жасап, кейін оны төлей алмай екнің бірі ажырасып жатыр.

  • Anonymous says:

    Балалар бақытты болса болды.шашылып төгілудің қажеті жоқ.Əр нəрсенің киесі болады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар