Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Той иесі белгілі әншіге 4000 мың долларын бермей қойған

Ақбота Керімбекованың той иелерімен болған хикаясы көпшілікті бей-жай қалдырмады. Керімбекованың басынан өткен оқиға жария болғаннан кейін өзге әншілер де той иелеріне талай алданып қалғанын мойындай бастады.

12976691_1711438222429249_480930566_n

Бұл туралы 31 арнадағы “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

Мұндай жағдайды болдырмас үшін танымал актриса Айгүл Иманбаева той иесінен ақшаны алдын ала алып алады.

“Сол себепті ақшаны алдын ала алады. Сол себепті жеке директорым болғаны дұрыс деп ойлаймын”, – дейді ол.

Ал әнші Ғаділбек бір кездері алдап-соғатын той иелері туралы естігенде қапаланғанын, ал бүгінде ондайларға назар аудармайтынын жеткізді.

Бұрын әншілер де, актерлер де нәпақасын тойдан табатынын жасыратын. Олар қасықтап жинаған абыройымыз шелектеп шашылады деп қорқатын. Ал қазір керісінше әншілер тойдан табатын табыстарын жария етуді әдетке айналдырған.

Мәселен, Арман Дүйсенов бір тойдан 19 қой, бір тай мініп қайтқан екен.

“Бір келіннің бетін ашып, 19 қой, бір тай мініп, соларды ГАЗ-53 көлігіне тиеп алып келгенім бар”, – деді ол.

Әнші Әділ Сламхан тойдан 1000 доллар табыс табатынын ашып айтты. Десе де ол той иелерінің жағдайына қарайтынын тілге тиек етті. Той иесінің көңілін табуға тырысатын ол бір кездері ақшасын ала алмай, әбден әбігерге түскен екен.

“Күйіміздің келгенінше, тойға кереметтей ат салыстық. Тойдың ортасында ақшамызды сұрап едік, тойдан кейін береміз деп уәде берді. Сонымен той бітті. Сағат түнгі бірден ауды. Ақшаны бермеді. 4000 долларды тек екі күн өткеннен кейін алдық”, – дейді Әділ мен Дана.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісоваға Болат Назарбаев көлік сыйлады

Эстрада жұлдыздары наурыз көже әзірлей ала ма?

Танымал тележүргізуші Баян мен Тұрсынғалиді “жыл жұбы” деп атады (видео)

Димаш Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді (видео)

 

Талқылау