Төсін жалаңаштап танылған қазақ қызы Қазақстанның тәуелсіздігін қашан алғанын білмей ұятқа қалды (видео)

Желіде көкірегін жалаңаштап, қазақы әшекеймен түскен суреті арқылы танылған қазақ қызы бағдарламада қонақ болды.

“Өз ойым” бағдарламасында қонақ болған Шырын өз әрекетін түсіндіруге тырысты. “Қалаулым” бағдарламасының қатысушысы Бердах Шырынның әрекетін сынға алды.

“Кешегі қазақ әжелеріміз, Зере мен Айғаным таққан қазақ әшекейін төсіңе жалағаштап тағып, мазақ етуге саған кім құқық берді? Кешегі 1986 жылы Ләззат пен Сабира не үшін алаңға шықты? Оларды қорғау үшін Қайрат не үшін алаңға шықты. Ертен сенің намысыңды қай қазақ жігіті қорғайды? Етегіңді ашып жүрсең, ешкім сені қорғамайды. Қазір жалаңаштап суретке түскеннің бәрі өзін блогер санайтын болды”, – дейді Бердах.

Ал, Шырын еркін мемлекетте тұрғандықтан ешнәрсеге шектеу жоқтығын, не істесе д өз еркінде екенін айтты.

“Бұл мен үшін эстетикалық сурет қана. Мен жалаңаш емеспін, кеудемді қолыммен жауып тұрмын. Онда тұрған ешнәрсе жоқ”, – деді ол.

Бойжеткен жүргізушінің “Қазақсанда 1986 жылы не болғанын білесің бе?деген сұрағына тосылып қалды. 1986 жылы Қазақстанда Тәуелсіздік күні болды деп жауап қайтарды.

Бағдарламаға хабарласқан көрермендер бойжеткенді сынап, ренішін айтып жатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар