Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төсін жалаңаштаған астаналық “депутат” Динагүл соққыға жығылғанын айтты

Елордалық жастар мәслихатының депутаты, модель Данагүл Тасова  Fashion Night Astana сән көрсетілімінен кейін соққыға жығылғанын айтты.

“Мен қатысқан сән көрсетілімі жайлы хабардан соң әркім сынға алып жатты. Менің парақшамды жауып тастады. Оның бәріне себеп – ашық омырауым болды”, – дейді бойжеткен парақшасында.

Модель бұған дейін көрсетілімге төсін жалаңаштап шыққан еді. Желідегі парақшасына денесі көгерген суретін жариялады. Айтуынша, жақын адам осылай “қолдау” жасаған.

“Ол маған айтарлықтай мәселені түсіндіріп берді. Сол үшін алғыс айтам. Физикалық түрде алған соққы моральді соққылардан ауыр болды. Үндемей қалуға болмайтын жағдай туралы айтқым келеді”, – дейлі модель.

“Бойжеткен Қазақстандағы зорлық-зомбылыққы ұшырайтын әйелдер статистикасын зерттегенін жазды. Айтуынша, әр жылы 40 мың адамнан әйелдердің құқығын қорғау бірлестігіне өтініш келеді. Олар тек арыз жазуға барғандары ғана.

“Елде 2030 жылға дейін әйел мен ердің тең құқығы жайлы мәселе қолға алынуда. Үлкен мінберлерде айтылды. Қазақстан дамыған 30 ел қатарына кіргісі келеді, бірақ ерлер өзін орта ғасыр адамы секілді ұстаса ол қалай жүзеге асады? Мен өзімше жасаймын. Әйел мен балалардың тұрмыстық жағдайда зорлыққа түсуіне қарсы күресем. Менің мақсатым – сол”, – деп жазды.

Данагүл Тасова қараша айында “Топ модель СНГ-2018” халықаралық сұлулық байқауының жүлдегері болды. Ол “Медиамодель” титулымен марапатталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау