Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төсін жалаңаштаған Динагүл Тасова дене бітімінің “табиғи емес” екенін айтты

Төсін жалаңаштап танылған астаналық модель өзі туралы толық айтып берді. Өзбекстан елінде дүниеге келген ару еліміздің солтүстік аймағында “журналистика” мамандығы бойынша білім алған. Диплом бойынша біраз уақыт жұмыс істеген соң модельдік кәсіпке ауысқан. Айтуынша, кездейсоқ адамдар оның сырт келбетіне назар аударып, кастингтерге шақыртулар көптеп түскен.

Төсін жалаңаштаған Динагүл Тасова дене бітімінің "табиғи емес" екенін айтты

Бұл туралы Stan.kz “Пендеміз ғой” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағын дәл осы сән әлемінен сынап көрмек болған Динагүл бүгінде Астана қалалық жастар мәслихатында “еріктілердің” бірі екен.

“Біз онда бір-бірімізді “депутат” деп атаймыз. Әртүрлі қоғамдық шаралармен айналысамыз”, – дейді Динагүл. Елордалық модельдің көпшілік арасында “депутат” аталып кетуі сондықтан.

Динагүлдің айтуынша, отбасы мен жақындары алғашқыда оның модель болып қызмет атқаратынын білмеген. Ал омырауы жалаңаштанған суретті көргенде алғаш болып ағасы ашуланған.

“Ағаларым, жеңгелерім ренжіді. Олар мені көшеде осылай жүр деп ойлады. Мені сол күні суретке түсіргенін, желіде тарап кеткенін білген жоқпын. Тек маған келген сілтемелерден көрдім”, – деген Динагүл сол күні екі түрлі образда шыққанын айтты.

“Біріншісі – ақ костюм, екіншісі осы. Мен мұны қалай киемін? – дегенде сәнгерлер: – Өзі солай жалаңаш денеге киіледі, мұны басқа ешқайда кимейсің, тек сахнаға, деді. Бұлай шыққан жалғыз мен емес. Неге тек мені айтатынын түсінбедім. Дәл осындай қара көйлекпен басқа да қазақ қызы шыққан”, – дейді Динагүл Тасова.

Динагүл Тасова елді ашуын тудырған “костюмнен” бас тартуға мүмкіндігі болмағанын айтты. Себебі модельдік агенттікпен келісім-шартта солай көрсетілген.

Астаналық модель бүгінде нәпақасын осы сән әлемінен тауып отырғанын жасырмайды.

“Бір шыққаныңа байланысты. Бір музыка 5 минут болады ғой. Сол уақытта бір жүріп шыққаның үшін 5-25 мыңнан жоғары аласың. Баға дизайнерлердің бағалауына және агенттіктердің келісім-шартына байланысты”, – дейді Динагүл.

Модельдің айтуынша, сұраныс көп болса, бұл салада да қалтаны қампайтуға болады.

Сұхбат барысында Динагүл Тасова елдің назарын аударған сырт келбетінің толықтай табиғи емес екенін мойындады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау