Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төртінші рет әке атанған Төреғали келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

Наурыз айының төрті күні, төртінші рет әке атаған Төреғали, бүгін келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды. Хитменнің қуанышына Stan.kz ақпараттың агенттігінің тілшісі де қатысып қайтқан еді. Ұзақ уақыт дәрігерлердің қадағалауында болған әншінің жұбайы Толқын, сәбиін отаның көмегімен дүниеге әкелген. Бұл жайында Төрештің анасы ашып айтты.

Төртінші рет әке атаған Төреғали келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды

«Төреғали әнсапарда жүрген кезі еді. Ақтөбе қаласына концерт беруге кеткен. Жиырма минуттың ішінде келініме дереу ота жасалып, осы бала дүниеге келді. Таңертең 12:00-нің кезінде мен сүйінші сұрап, хабарды бердім. Ұлдың аты ұлы ғой. Әсерді айтып жеткізу мүмкін емес (күледі) », - дейді әншінің анасы Аягөз.

Дәл қазір жас ана мен сәбидің денсаулығы көңіл қуантарлықтай. Атышулы әншінің шаңырағына үш қыздан кейін, мұрагер дүниеге келген еді. Ізбасарының аты-жөні Төрәлі Төренұр Төреғалиұлы.

«Қара өлеңдерімізде «ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда» дейтін еді ғой. Бірақ мен шынымды айтсам бірінші ұл болса екен, екіншісі қыз болса екен деп, ешқандай реттік сан болған жоқ. Өйткені мұның барлығы Алланың қалауымен болатын дүние ғой. Бірақ бәрібір төртінші ұл болатын шығар деген ниет болады ғой бәрібір», - дейді Ұлы дала баласы.  

Төртінші рет әке атаған Төреғали келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды

Әншінің үшінші қызы Фатима осыдан 11 ай бұрын, яғни 2018-дің сәуір айында дүниеге келген еді. Бұрымды өмір есігін ашқан сәтте, ет-жақындарының барлығы Төреғали мен Толқынның отбасында ер баланың келуін тілепті.   

«Үшінші қызымыз Фатима туған кезде, елдің барлығы енді ұл келсін деген тілекті көп айтты. Фатиманың бауы берік болсын деген адамдардың барлығының тілегі біреу ғана болды. Көптің тілегі қабыл деген сол екен де. Былайша айтқанда елдің тілеп алған баласы сияқты да. Әйтеуір әнсапарда жүргенде бүкіл халық қуанып жатты», - дейді Төреғали.

Төреғалидың келіншегі Толқынға деген тосын-сыйлары көп көрінеді. Әнші перзентхананың алдына қымбат көлікті әкеліп, гүлдермен көмкерді. Жарына құрмет көрсеткен Төрештің тартуы мұнымен шектелмейтін секілді.

«Әзірге ең бірінші сыйлығым гүл болып тұр. Өтірік айтпай-ақ қояйын. Енді болашақта көреміз. Сол ел қатарлы шығар. Пәтер де болу мүмкін. (күледі)», - дейді Төреғали Төреәлі.

Айта кетейік, Төреғали 2014-ші жылдың қарашасында ақ құсын қолына қондырған. Үш жыл бойы жұбайын жасырған әнші, 2017-ші жылдың қазан айында ғана дүркіретіп үйлену тойын жасап, келіншегін ресми түрде елге таныстырған еді.  

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау