Төртінші босанушы әйелдің өлімі астаналықтардың төбесіне жай түсіргендей болды
Ауруханадағы тағы бір босанушы әйелдің өлімі асталықтардың төбесіне жай түсіргендей болды. Ал, дәрігерлер болса әйелді аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстық дейді. Жағдайы ауыр әйел бүгін таңертең Елордадағы екінші перзентхананың жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.
Алайда, босанушы әйелді құтқару мүмкін болмады. Тек жаңа туған қыз бала ғажайып жағдайда аман қалған. Нәрестені қадағалауға алған дәрігерлер шақалақтың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды.
Қазір Астана перзентханасындағы төртінші өлімнің себебін анықтап, барлық мәліметтерді зерттейтін арнайы комиссия құрылды.
Естеріңізде болса, Елордадағы №1 перинаталды орталықта бұған дейін тағы үш босанушы әйел көз жұмған болатын. Бірінші оқиға 21 маусымда болса, ал төрт күннен кейін екінші әйел аурухана төсегінде жан тапсырды. Перзентханада көз жұмған екі әйелдің де денсаулығына қатысты мәселелер болған. Кейін шілде айының басында дәл осы орталықта үшінші өлім тіркелді.
Осыдан кейін, шенеуніктер перзентхананы біраз уақытқа жабуға шешім қабылдап, барлық жүкті әйелдерді басқа перинаталды орталыққа жіберуді ұсынды. Кейінірек Елжан Біртанов елде ана өлімінің артып келе жатқанын айтып, әр жағдайдың мұқият тексерілетін ескертті.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.