Белгілі қазақстандық журналисті өлтірген ер адам 11 жылға сотталды
2018 жылы күзде Нұр-Сұлтан қаласында болған журналист Ирина Бекетованың өліміне қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Қылмыс жасады деп айыпталған Анатолий Гусейнов қыздың өліміне әкелген денсаулығына ауыр зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылды.
"Сот Гусейнов Анатолий Михайлұлын қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлімі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру") қылмыс жасады деп танып, қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 11 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп айтты судья Вероника Семенова.
Сот айыпталушыға қаза тапқан әйелдің төрт баласына және балаларын қарап қалған оның анасы мен ағасына 6 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы түрінде залалады өндіріп алуды тағайындады.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады