«Төрт ағайынды» ісіне қатысты сотталушылардың бірі кінәсін мойындады
Ақтөбеде «Төрт ағайынды» ісі бойынша сотталушы Саясат Дүсіпов мәлімдеме жасады. Айыпталушы бар кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Еркін Ізбасар, Аухат Қалиев бастаған қылмыстық топқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сотталушы Саясат Дүсіпов күтпеген жерден ұсыныс жасады. Айыпталушы таңертең тұрып, кешке дейін сот залында отыру еш нәтиже бермейді деген тұжырымға келген.
«Бір ай бойы сот отырысына қатысып жүрмін. Оның не мәні бар? Төрт, бес, алты, жеті деген ағайындыларға еш қатысым жоқ. Таңертең тұрып, кешке кері абақтыға оралудың не мәні бар? Сондықтан осы шешімге келдім», – деді айыпталушы Саясат Дүсіпов.
Облыстық прокурорлар үш күнде кездесулер өткізіп, процессуалдық келісім туралы шешімді айтуы керек.
«Ашық сот отырысында сотталушы Саясат Дүсіпов процессуалдық келісімге келу туралы ұсыныс айтты. Сотталушы, прокуратура мен жәбірленуші бірлесіп, бір шешіге келуі тиіс. Келісім шешімі 10 қаңтар күні мәлім болады», – деді судья Ахметқали Молдағалиев.
Өткен жылы қамауға алынған Саясат Дүсіпов «Төрт ағайынды» ісі бойынша айыпталып жатыр. Ол мұнай тасу ісіне қатысқан. Оның жүк көлігімен мұнай тасу туралы ұсынысты айыпталушы Қайыргелді Ізтұрғанов айтқан.
Оқи отырыңыз:
Алматыда қаңғыбастар арасында күнелтіп жүрген атақты физикке жатақханадан орын берілетін болды
Көкшетау тұрғыны үйіне жету үшін біреудің көлігін айдап әкеткен
ҚМДБ уағыз айту әдебіне қатысты ереже дайындап жатыр
Алматыда 3 жасар баланың анасына іздеу жарияланды
Оралда дүкеннен сатып алынған күріш суда өзімен-өзі еріген (видео)

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
