Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалимен дуэт айтқан түрік әншісі енді Еркенің “Қайда?” хитіне қол сұқты (видео)

Төреғалимен бірге “Алло” әнін шырқаған Түркия әншісі Фулин енді Ерке Есмаханның әнін орындап жүр. Нақтырақ айтатын болсақ, Фулин отандық жобалардың бірінде танымал “Қайда?” хитін шырқап, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Түркиядан келген Фулин қазақстандық Silk Way Star жобасына қатысуда. Жобаның өткен шығарылымында Фулин қазақ еліне танымал Ерке Есмаханның “Қайда?” хитін шырқаған-ды.

Асхат Садырбайдың “Бұл ән неге хит? Қалай ойлайсың?” деген сауалына Фулин:

“Бұл ән барлық адамның тілегін білдіреді. Бәрі өзінің махаббатын іздейді. Кімсің, қайдасың дейді. Бәрінің ортақ мәселесі, сондықтан хит. Ал мен ғашығымды іздедім. Қарадым, таба алмадым. Шымкентте жоқ, Алматыда жоқ, Астанада жоқ, Анкарада жоқ, Ыстанбұлда жоқ, Әзірбайжанда жоқ, таба алмадым”, – деп жауап берді.

Қазылар алқасының мүшесі Медеу Арынбаев Фулинді қазақ қыздарынан кем көрмейтінін айтып қалды. Әнші түркиялық бойжеткенге бақытын табуын тіледі.

“Фулин біздің қазақтың ерке қызы болып кетті. Қазақстанға келіп, еркелеп жүрген қарындасым болып кетті. Елімізде әкесіне еркелеп жүрген қыздар бар, тура сол сияқты. Байқауда емес, Қазақстанға еркелеу үшін келген сияқты. Еркелеп жүре бер. Табиғаты, болмысы солай өзінің. Өзгерудің, қиналудың қажеті жоқ. Бақытыңды таба гөр. Ыстанбұлдан табасың ба, ай осы Қазақстаннан табасың-ау”, – деп ақ тілегін білдірді Медеу Арынбаев.

Өз кезегінде Фулин сүйіктісін Ақтөбеден тапса, Қазақстанда қалатынын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылықтар Сәкен мен Мейрамбекті “ішіп алып, сахнаға шықпады” деп айыптаған

Мөлдір Әуелбекованың екінші мәрте ана атануға әзірленіп жүргені рас па?

Нұрболат Абдуллин: Қайрат Нұртас – шашасына шаң жұқтырмаған палуан

Шімән апа эстрада әншілерінің бетпердесін ашып, өтіріктерін жайып салды

 

Талқылау