Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің жары Толқын өзі, отбасы жайлы бар шындықты ашып айтты

Күні кеше дүркіретіп той жасаған Төреғалидың жеке өміріне қызығушылық танытқандардың қарасы азаймақ емес. Төрештің таңдауы кімге түсті? Бұл сауал бүгінде көпшіліктің көкейінде сайрап тұр. Алайда, жас жұбайлардан эксклюзивті сұхбат алып, дүйім жұртқа жұмбақ жанның құпиясын бірінші болып Stan.kz тілшісі ашып отыр.

«Мен Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылында дүниеге келдім. Отбасында 5 бауырым бар. Үлкен әпкем, өзімнен кейін 3 інім бар. Ата-анам бәрі осында, Алматы қаласында тұрады», – дейді Төреағалидың жұбайы.

Алайда, осы уақытқа дейін ақ келін жұрт назарында болмағанымен, білімін шыңдауда қол қусырып қалмағанын айтады. Бүгінде екі қыздың анасы Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде магистратурада білім алып жатқан көрінеді.

«Қазақ Ұлттық университетінің «халықаралық қатынастар» факультетінің магистрантымын. Болашақта мамандық бойынша жұмыс жасау жоспарда жоқ. Себебі, балаларыма, отбасыма барлық уақытты бөлуім керек», – Толқын Тұрарбекқызы.

Иә, Төреғалидың тығыз кестесіне қарап, түздегі ерін үйде қолдап отыруға бекінген бикеш отағасына мынадай анықтама берді.

«Төреағали туралы айта берсең өте ұзақ болатын шығар. Ең бірінші ол кісінің адамгершілігі, имандылығы, ер азамат ретінде өзіне жауапкершілікті алып және соны көтере білетіндігін мен сездім. Сол үшінде бағалаймын, құрметтеймін», – деп ағынан жарылған ақ келін, жарына деген алғысының шексіз екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Төреғалидың жұбайы әншінің шығармашылығында жіті қадағалап отыратын жандардың бірі болып шықты. Мәселен, жақында ғана 5 күндік концертте тұсауы кесілген «Менің Толқыным» әнінің алғашқы тыңдарманы дәл осы жұбайы екен…

«Жаңадан шыққан әнді естіп жатқан шығарсыздар, «Менің Толқыным» деген ән. Өте ерекше әсер қалдырды. Бұл әнді жарыққа шықпай тұрып тыңдадым. Ұнады”, – деді тыңдарман ретінде өз бағасын берген Толқын.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Сәкен Майғазиев: Өнер мектебін елден қалмайын деген ашкөздікпен ашқан жоқпын

Үйлену тойында жарына арнап ән айтқан Төреғали дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

Ернар әріптестерінен қалмай, әйелі жайлы толық ақпаратты өзі берді (видео)

Төреғали Төреәлі Алматы төрінде дүркіретіп той жасады (видео)

Талқылау