Төреғали журналиспен болған жанжал үшін халықтан кешірім сұрады

Сейсенбі, 27 Қыркүйек , 2016 17:34

Әнші бірер ай бұрын тілшімен жанжалдасып қалған болатын. Ол дәл сол сәтте артық ешнәрсе айтпағанын жеткізуде. Мұнымен қатар, арада осындай түсініспеушіліктер болып тұратынын айтып халықтан кешірім сұрады.

image

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Бірнеше ай бұрын Төреғали Төреәлі Шымкенттегі кілем фабрикасына барып, сұхбат барысында тілшімен сөзге келіп қалған-ды. Ол сол кезде ашуға бой алдырып, жергілікті БАҚ өкілдеріне қатысты жағымсыз пікір білдірген болатын. Енді міне әнші дәл осындай кикілжіңдері үшін халықтан кешірім сұрады.

“Мысалы, мен сізге қазір сұхбат беріп тұрмын. Иттің міндеті үру демекші, менің де міндетім жай ғана сұхбат беру. Ол жерде журналистер сұхбат алайықшы деп келіп тұрып, баса көктеп басынғандай болды. Оның үстіне қыз балаға төстен алып, бетке шабу сынды қылықтар жараспайды. Мен соған ашуландым. Артық ештеңе айтқан жоқпын деп ойлаймын. Жалпы сұхбат елдің алдына шығатын болған соң, оның барынша жайдарлы, жақсы көңіл-күйге толы болғаны жөн. Халықтан кешірім сұраймын. Кейде осындай түсініспеушіліктер болып тұрады”, – дейді Төреғали Төреәлі.

Аталған арнаның тілшілерімен сыпайы түрде сұхбаттаса бастаған әнші тілшімен емес, таспагермен сөзге келіп қала жаздайды. Алайда дер кезінде райынан қайтып, кешірім сұрап үлгереді.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали мен Ерке «Алло» әнінің жалғасын шығарды (видео)

Төреғали Төреәлі өзімен жанжалдасқан журналисті тағы әжуалады (фото)

Моңғол әншісі Төреғалидің әнін қазақ тілінде орындады (видео)

Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» әніне бейнебаян түсіріп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар