Төреғали Төреәлі тағы да ұшақта заң бұзды
Басы даудан арылмайтын Төреғали Төреәлі тағы да ұшақта заң бұзды. Әнші бортқа рұқсатсыз қымыз алып кіргенін мойындады. Ол сусынды жасыру үшін қандай амалға барғанын да айтып берді, деп жазады Stan.kz.

"Короче ше, қолымдағы жасыл пакеттің ішінде ақ пакет, ақ пакеттің ішінде көк пакет көк пакеттің ішінде қымыз бар.
Өскемендік өскелең жұрт сый қып бергесін тастап кете алмадым. Негізі өткізбейтін еді, ешкімге айтып қоймаңыздар. Өзі айтып қойды ғой десе де, мойындамаңыздар! Қымыз аспанда атылған жоқ уайымдамаңыздар!" - деді Төреғали.
Мұны оқыған желі қолданушылары өнер иесінің сөзіне әбден күліп алды.
Қымыз демекші, Наурыз мерекесінде Ұлы дала баласы тыңдарманына сый жасады. Күні кеше оның "Қымыз іштім" атты бейнеклипі жарық көрді.
Естеріңізде болса, өткен жылдың күзінде Төреғали ұшаққа заңсыз кіргені үшін рейсті жарты сағатқа кешіктірген еді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"