Төреғали Төреәлі өз өмірі жайлы фильм түсірмек
Соңғы кездері шоу-бизнес өкілдері кинематография саласына араласа бастады. КВН ойындары арқылы танылған Нұрлан Қоянбаев табысты кинопродюсерлердің көшін бастаса, Қайрат Нұртас пен Бүркіт фильмдерін халыққа ұсынып үлгерді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Ерке Есмахан да “Кафе махаббат” деп аталатын туындысын көрерменге ұсынуға дайындалып жатыр. Еркенің сахналық экс-жұбы Төреғали Төреәлі де әріптестерінен қалыспайын деді ме, әлде өзін сынаған жұртқа фильм арқылы жауап бергісі келді ме, әйтеуір толықметражды фильм түсіруге кірісті.
Ол “Ұлы дала комедиясы” фильмінің түсірілімін бастап кеткен. Бұл туралы Төреғали Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын. “Бисмилләh” деп түсірілімді бастадық. Сәттілік тілеп қойыңыздар”, – деп бөлісті ол.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан