Анасының аяғын жуып сүйген Төреғали елді сүйсіндірді (видео)
Алланың разылығы - ата ананың разылығында. Төреғали Төреәлі анасының аяғын жуып сүйді.
"Айтыскер бауырым Дидар Қамиевтен "Жұмақтың кілті" атты эстафетаны қабылдадым. Алланың ризалығы - ата-ананың ризалығында. Қасиетті айта жақсылық жасайық, жақсылықтарымыз екі есе артады. Екі дүниенің бақыты өз қолымызда", - деп жазды Төреғали парақшасында.
Әнші эстафетаны одан әрі Қайрат Нұртас, ақын Қайнар Алагөзов, Серік Ибрагимов, Асылхан Төлепов, Жігер Ауыпбаев, Ернар Айдар, Әбдіжаппар Әлқожа, Қуандық Рахым секілді өнер жұлдыздарына жолдады.
"Табанына жұмақтың кілтін жасырған, не бар екен аялы алақанында! Аналар аман болсын әр үйдегі!", "Анасы бар адамдар бақытты жандар!
Анаң аман болсын, Төреш!", "Үлгі, анаң бар сен бақыттысың. Ұзақ ғұмыр сіздерге", - дейді желідегілер.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"