Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали: «МузАрттың» ізбасарларынан құрылатын топпен алғашқы дуэтті мен айтамын (видео)

«МузАрт» тобы өнер әлемінде өздерінің орнын басатын ізбасарларын дайындап кету мақсатында талантты жастарға іздеу салған болатын. Ол үшін арнайы «МузАрт live» жобасы ұйымдастырылды. Бірнеше айға созылған жоба аяқталудың сәл-ақ алдында тұр. Күні кеше 12 мың үміткердің арасынан суырылып шыққан 12 үміткер өнер көрсетті. Олардың екеуі жобамен қош айтысса, қалған 10 қатысушы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_38

Жеңімпаздар желтоқсан айының 18-і күні анықталмақ. Жоба шарты бойынша үш жігіт жеңіске жетіп, олардан жаңа трио құрылуы тиіс.

Алдағы аптада қалған ондық үш топқа бөлініп, өнердегі ағалары “МузАрт” тобымен бірге өнер көрсетпек.

музартики

Айта кетейік, 4 желтоқсан күні өткен сайыста жобадан Қуаныш Манатов пен Еркебұлан Амантай шығып қалған болатын.

Бұл күні кеңесшілер қатарынан танымал әншілер Мақсат Базарбаев, Төреғали Төреәлі мен белгілі ақын Қалқаман Сарин табылды. Өз кезегінде олар іріктелген жігіттердің барлығының мықты екенін айтып өтті. Жас таланттардың өнеріне тәнті болған Қалқаман Сарин құрылған топтың алғашқы әніне сөз жазып беретінін айтса, Төреғали Төреәлі құрылған топпен алғаш болып дуэт айтқысы келетінін жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

КешYOU-лік Ақбота өмірлік жар ретінде кімді таңдап алды? (фото)

Бүркіт неліктен кезінде ұятсыз бейнебаянға түскенін айтып берді (видео)

“Музартқа” берген уәдесін орындамаған Майғазиев миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Талқылау