Төреғали мен Еркенің арасындағы бітіспес дау неден басталды

Дүйсенбі, 11 Сәуір , 2016 8:52

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан алғаш рет дуэт құрып, “Алло” әнін орындаған болатын. Аталған ән хитке айналып, әншілер гастрөлдік сапарға бірге аттанған-ды. Алайда қос тараптың бүгінде басы бір қазанға сыймады.

3

Сурет: вконтакте

Бітіспес дауға айналып, Баян Мақсатқызы “Гәкку” арнасына берген сұхбатында Төреәлі мырзаның Ерке Есмаханға тиісті гонорарын төлемегендігін айтты.

Төреәлі Төлеповтың “Еркені жұлдызға айналдырған Төреғали” сынды мазмұндағы сұхбатын көрген Баян Мақсатқызы қатты ашуланып, осыған дейін әріптесімен арада қандай келіспеушіліктер болғанын жұртқа жайды.

“Мен Төреәлі мырзаның сұхбатын көрдім. Мұнысы адамгершілікке жатпайды деп білемін. Тіпті кәсібилік деп те айтуға келмейді. Қос әншіміз дуэт құрған кезде, істің мән-жайы осылай боларын күтпедік. Іс насырға шауып, айтылған әр “Алло” әні үшін Төреәлі мырза хабарласып, менен гонорардың жартысын сұрай бастады. Мен ол кісісінің бұл әрекетін түсіне алмадым”, – дейді продюсер.

12903577_776418845826753_1906676603_o

Фото: brod.kz

Баян Мақсатқызының айтуынша, аталған ән тек Төреғалидің арқасында емес, Еркенің де арқасында хитке айналған. Ал Төреғали мырза мұны жоққа шығаратын көрінеді.

“Біз фильм түсіруге келісіп, қол алыстық. Осы тұста тағы бір түсініспеушілік болды. Ол гастрөлдік сапарға бірге барған менің әншіме, мен киноға түскен оның баласына теңдей гонорар төлеуіміз керек болатын. Ерке Есмахан Төреғали Төреәлімен бірге бір жарым ай гастрөлдік сапарда болды. Мұны барша халық біледі. Бірақ гастрөлдік сапардан оралған кезде гонорарымызды сұраған едік, Төреәлі мырза мұндай келісімді бірінші рет естіп отырғанын айтты”, – деп әріптесінің сөзінде тұрмайтындығын тілге тиек етті.

Вот вам хит от Ерке 😀 думаем снять на это клип или, как вы думаете? @erke_esmahan 🌟

Видео опубликовано Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_)

Продюсер аталған фильмге Төреғали Төреәлінің түспейтіндігін, бірігіп жасалып жатқан барлық жұмыстың тоқтайтындығын, жақын күндердің бірінде Ерке Есмаханның хит болуға лайық ән жазатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Төреәлі Төлеповтың әйел адаммен сөз таластырғысы келмейтіндігін айтқаны туралы хабарлағанбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар