Төреғали: Әйелдер, аналар, сіздер 8 наурызда ғана емес, жыл он екі ай құрметке лайықсыздар
Төреғали Төреәлі қыз-келіншектер мен аналар қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

“Аяулы аналар, әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер тек 8 наурыз күні ғана емес, әрқашан құрметке лайықсыздар.
“Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын: Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдызыңыз Көктемдей құлпырыңыз. Бақыт қонсын басыңызға Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!”, – деп жазады әнші желідегі парақшасында.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек