Төреғали: Анам Толқынды алмасам, менен бас тартатынын айтты

Төреғали Төреәлінің жары Толқын бүгінде шоу-бизнестегі ең танымал келіндердің қатарында. Ұлы дала баласы Құдай қосқан қосағын былтырғы жылдың күзінде таныстырды. Алайда одан үш жыл бұрын шаңырағына келін етіп түсірді.

Төреғали: Анам Толқынды алмасам, менен бас тартатынын айтты

“Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сұхбат берген Төреғали үйленер кезде басынан өткен қызықты хикаяларын баяндады, деп жазады Stan.kz.

“Әкем маған 17 жасымда бір рет “үйленемін десең үйлен” деп айтқан болатын. Өйткені өзі 19 жасында үйленген. 21-22 жасыма келгенде анам “25 жасыңда үйленесің” деп айтатын”, – дейді Төреғали.

Алайда болашақ келінін алғаш көргенде анасының ойы күрт өзгереді.

“Толқынды көрген соң: “Осы қызды алсаң алдың, алмасаң мені шешең деп есептемей-ақ қой”, деді. 25-ке келгенде үйленесің деп айтушы едіңіз десем, ойынан айнығанын айтты. Мейірхан деген нағашы тағам бар, анамның інісі. Ол да 25-ке келіп үйленді, ештеңе жоқ, бәріне үлгересің деп жүретін. Мен өнерді енді бастап келе жатырмын, ақыры сенің аузыңнан шыққан сөз, тойды 25-ке келіп жасайын дедім. Сондай өзара отбасылық келісім болған”, – дейді Төреғали.

Бүгінде Төреғали мен Толқын үш қыздың ата-анасы. Бір қызығы, әнші перзенттерінің есімін “Т” әрпінен қоюды о баста жоспарлапты. Алайда үшінші мәрте қызды болған соң бұл ойынан айныған көрінеді. Себебі:

“Аллаға шүкір, үш қызым бар. Үлкен қызым – Томирис, екіншісі – Тоғжан, үшіншісі – Фатима. Толқын екеуміз бәрін “Т” әрпінен қыламын деп ойлайтынбыз. Томирис пен Тоғжан туылмай тұрған кезде бұл есімдер біздің ойымызда жүретін. Ал үшінші рет жүкті болған кезде анам “қыз болса Фатима қоямын” депті. Оны кейіннен естідім. Өзі тағы “қыз болса” деп үкілеп сұрап алыпты. Ұл болса былай қоямын деп ойламаған”, – дейді Төреғали.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар