Төреғали “91” тобын неліктен ұнатпайтынын өлеңмен жеткізді
Ақын әрі әнші Төреғали Төреәлі “91” тобын не үшін ұнатпайтынын өлеңдете отырып жеткізді. Әнші Инстаграм парақшасына ағасы ақын Ринатпен ортақ ойлы екендерін жеткізген. Сондай-ақ топты сынаған Ринат Зайытовқа алғысын айта отырып, өздері көтерген мәселенің маңыздылығына тоқталған.
Бұл туралы stan.kz сайты хабарлайды.
Не бәрі бірнеше минуттың ішінде Төреғали Төреәлінің жазбасына пікір білдіргендер саны арта түскен. Бірі ақындарды қолдап “91” тобын құрту керек десе, тағы бір тарап олардың өз тыңдармандары бар екенін еске салды. Ал үшінші топ “Қазақтың жігіттері бірін-бірі масқаралап, әйелдерше айтысқаны ұят. Ақылдарың болса өзара сөйлесіп айтыңдар. Елдің алдына шығып көтеретін мәселе бұл емес” деген.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?