Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не себепті жұмыртқаны тоңазытқыштың есігінде сақтауға болмайды?

Британдық сарапшылар жұмыртқаны сақтау үшін тоңазытқыштың есігін ең қолайсыз орын деп дапты. Дұрысы жұмыртқаны бірқалыпты температураны сақтап тұратын ортаңғы қабатқа қою.

Не себепті жұмыртқаны тоңазытқыштың есігінде сақтауға болмайды?

Мамандар пікірталасын Daily Mail басылымы жазды.

Газеттің хабарлауынша, алғашқыда сарапшылар арасында қызу пікірталас болып, олар өзара келісе алмаған. Дегенмен кейіннен олар бір мәмілеге келген.

Good Housekeeping журналының мамандары, жұмыртқаны арнайы қорапшада және тоғазытқыштың ортаңғы қабатында сақтау керектігін мәлімдеді. Яғни осылайша есік ашылған кезде температураның өзгеруі жұмыртқаға зиянын тигізбейді. Редактор Сара Бенвеллдің (Sara Benwell) айтуынша, есіктің жылы болуы да өз рөлін атқарады екен.

Жұмыртқалар жайындағы Британ ақпараттық қызметі (The British Egg Information Service) үй шаруасындағы әйелдерге азықтың бұл түрін 20 градустан төмен температурада және арнайы қорапшада сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, оның иістенетін тағамдардан алшақ тұрғаны абзал.

Жұмыртқа иісті тез сіңіріп алады. Ал оның төмен температурада сақталуы – сальмонеллез қоздырғышының таралуын алдын алады.

«Мүмкіндігінше жылы және салқын орта арасында жұмыртқаның орнын жиі алмастырмаңыз. Мәселен, автокөлік салоны мен тоңазытқыш немесе ыстық ас үй мен тоңазытқыш арасы. Ең дұрысы, оны тоңазытқышта сақтау. Осылайша температура бірқалыпты, ал жұмыртқа ұзаққа дейін балғын болып қалады», – дейді ұйымдағылар.

Кейбір аспаздардың пікірінше, тұтынбас бұрын жұмыртқаны біраз уақыт жылы жерде сақтау оның дәмін жақсарта түседі. Ал Financial Times-тің мейрамхана жөніндегі сыншысы Тим Хэйвард (Tim Hayward) жұмыртқаның бөлме температурасында да кемі бір апта сақталатынына сенімді.

Ол да тоңазытқыш есігін жұмыртқа сақтау үшін қолайсыз орын санайды.

Daily Mail 2013 жылы да жұмыртқа мәселесін көтерген. Сонда жұмыртқаның тоңазытқыш ішінде де, сыртында да екі апта бойы сақталғанын тәжірибе көрсеткен еді.


Күнделікті екі жұмыртқа жеудің денсаулыққа 9 түрлі пайдасы бар

Талқылау